Басты бетҚоғамЖоғары сот...

Жоғары сот судьясы Лариса Шепелева қызметінен босатылды

Парламент Сенатында Жоғарғы сот судьясы Лариса Шепелева отставкаға кетуіне байланысты қызметінен босатылды.

Лариса Шепелева құрметті отставкаға шығуға ниет білдірді. Құрметті депутаттар, Жоғарғы соттың судьясы отставкаға шығуына байланысты қызметінен босату туралы мемлекет басшысының ұсынымын қолдауды сұраймыз, — деді Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Талғат Донақов.

Сенаторлар ұсынымды бірауыздан қолдап дауыс берді.

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев ұзақ жылдар бойы сот жүйесінде еңбек етіп, ел дамуына үлес қосқаны үшін Лариса Шепелеваға алғыс айтты.