Мемлекет басшысы «Т.М. Сүлейменовті Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі қызметіне тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды. Онда «Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі болып тағайындалсын», — деп жазылған.
Айта кетейік, Тимур Сүлейменов бұған дейін Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, Экономикалық даму және сауда вице-министрі, Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (Министрі) қызметтерін атқарды.