Алматы әкімдігінің қаулысы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
Қаулыға сәйкес, Алматының мәдениет басқармасының «Алматы хайуанаттар бағы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда көрсететін қызметтері үшін тарифтер мөлшері бекітілсін, — делінген құжатта.
Бүгінде ересек келушілерге арналған билет құны 800 теңге. Ал 7 мен 12 жас аралығындағы балаларға арналған баға өзгеріссіз қалады — 300 теңге.
Алматының мәдениет басқармасының «Алматы хайуанаттар бағы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны тиісті құжаттарды ұсынған жағдайда төменгі тұлғаларға қызметті тегін ұсынады:
- Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне;
- мүгедектерге;
- денсаулық жағдайы бойынша мүгедекті ертіп жүретін адамға;
- зейнеткерлерге;
- «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері немесе «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған аналарға;
- жеті жасқа дейінгі балаларға;
- жетім балаларға және ата-ана қамқорынсыз қалған он сегіз жасқа толмаған балаларға;
- мерзімді қызметтегі әскери қызметкерлерге.