Сарапшы: Демократия мен құқық үстемдігін дамытуда алға жылжып жатырмыз

Еуропалық құқық және адам құқығы сараптамалық институтының директоры Марат Бәшімов бүгін ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алаңында бастамашылық жасалған заң жобасының маңызды нормалары қабылданғанын атап өтті.

Бұл өзгерістер қазақстандықтардың конституциялылық, демократиялық, әділеттілік, ашықтық және саяси құқықтарын дамыту қағидаттарына сәйкес келеді. Сондықтан демократия мен құқық үстемдігін дамытуда алға жылжудамыз, — деді ол.

Саясаттану бойынша PhD докторы Дина Айкенова «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңға енгізілген жаңа өзгерістер саяси жүйені демократияландыру бағытында екенін айтты.

Мәжіліске саяси партиялардың өту шегін төмендету партиялардың заң шығарушы органға кіруіне мүмкіндік береді және сонымен бір мезгілде билік үшін күресте партиялардың белсенділігін ынталандыратын болады. Парламентте Саяси партиялар неғұрлым көп ұсынылса, соғұрлым азаматтардың мүдделері саяси жүйенің жаңа өнімдерінде көрініс табады, — деді Дина Айкенова.

«Рухани Жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының талдаушысы Ерлан Медеубаев «Парламент Мәжілісіне саяси партиялардың өту шегін 7%-тен 5-ке дейін төмендету шаралары қазақстандық саяси алаңды жандандыруға бағытталған және ресми тіркелген партияларға сайлауға қатысуға ынталандыратынын айтты.

Оның пікірінше, бұл Парламенттің төменгі палатасына қазақстандық биліктің жаңа конфигурациясында бұрынғыдан өзгеше рөл атқаруға мүмкіндік береді.

Сарапшы Ләззат Нұрқатова жергілікті деңгейдегі басқару тобын қайта жүктеудің жаңа толқыны жақын арада шындыққа айналуы мүмкін екенін атап өтті.

Ауыл әкімдерін сайлау — бұл азаматтардың өз өңірінің өмірін жақсартуға қатысуын жандандырудың жаңа ресурсы. Елдің бет-бейнесі астана емес! Елдің бет-бейнесі оның шалғай, ауылдық жері. Ауылдағы өмір сүру сапасын көбінесе әкім мен оның командасы анықтайды, — деді ол.

Сонымен бірге «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты Бағдарлама жобалары басқармасының басшысы Думан Жампейісов халықтың сайлауға дайындығы туралы айтты.

Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдық округтер мен ауылдар әкімдерін тікелей сайлауға халықтың жеткілікті дайындығы туралы айтуға болады. Бұл ауыл сайлаушыларының президенттік және ағымдағы жылы өткен парламенттік сайлауда айтарлықтай жоғары белсенділігімен расталады, — деді ол.

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының сарапшылары кандидаттардың жас шектеуі (25+) әкімдерді жастар арасынан таңдауға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде қазақстандық жастар өкілдерін белсенді саяси қызметке тартуға мүмкіндік береді деп пайымдады.

Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды енгізу қоғамда меритократия қағидаттарын ілгерілетуге мүмкіндік береді және халықтың өз өңірінің тағдырына ықпал ету мүмкіндіктерін кеңейтеді, – деп атап өтті «Жастар» ҒЗО директорының орынбасары Элина Паули.

Айта кету керек, 2021 жылдың екінші жартыжылдығында 836 әкім тікелей дауыс беру арқылы сайланады.

Әкімдер мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкес келетін, жасы 25-тен кем емес ҚР азаматтарын сайлай алады. Сайлауға саяси партиялар ұсынған кандидаттар және дауыс беруге құқығы бар сайлаушылардың жалпы санының кемінде 1%-ына қол жинау арқылы өзін-өзі ұсынушылар қатыса алады.