Батыс Қазақстан облысында биыл 36 ауыл табиғи газға қосылады

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен есеп беру кездесуінде халықты табиғи газбен, сумен қамтылу жұмыстары туралы айтты.

Биыл 36 ауылды газбен қамту жоспарланып отыр. Нәтижесінде облыс тұрғындарын табиғи газбен қамту үлесі 99,5%-ды құрайтын болады, — деді Ғали Есқалиев.

Облыс әкімі сонымен бірге өңірді сумен қамту үшін 5,3 миллиард теңге бөлінгенін хабарлады.

21 елді мекенді сумен қамту үшін 5,3 миллиард теңге қаралған. Жыл аяғына дейін ауыл тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамту 90%-ға дейін өсетін болады, — деді ол.