Жалпыға бірдей декларация: кімдер, қашан және қалай тапсырады?

Жалпыға бірдей декларация басқармасының басшысы Дина Құсайынованың айтуынша, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Бюджетке салықтар және өзге де міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодесінің (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» № 121-VI ҚР Заңының 45-1 бабының негізінде Қазақстанда жалпыға бірдей декларация төрт кезеңмен енгізіледі.

Жалпыға бірдей декларацияның бірінші кезеңі 2021 жылдың 1 қаңтарында басталды. Бұл кезеңде мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайлары, сонымен бірге оларға теңестірілген тұлғалар мен олардың жұбайлары қамтылды.

Екінші кезең 2023 жылдың 1 қаңтарында басталады, ол кезде мемлекеттік кәсіпорындардың және квазимемлекеттік сектор қызметкерлері мен олардың жұбайлары үшін бастапқы декларация қарастырылған.

Үшінші кезең 2024 жылдың 1 қаңтарында басталады. Бұл уақыттан бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары), олардың жұбайлары, жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары декларация тапсыра бастайды.

Ал 2025 жылдың 1 қаңтарынан басталатын төртінші кезеңде халықтың қалған санаттарының барлығы жалпыға бірдей декларация тапсыруға толықтай көшеді.

Декларация

Декларация тапсыратын ел азаматтарының саны шамамен 12,9 миллион адам. Жалпы, 2021 жылғы 17 мамырдағы жағдай бойынша декларациялаудың бірінші кезеңі аясында 461 мыңнан астам адам салық декларациясын ұсынды. Бұл жоспарланған көрсеткіштің 95,9%-не тең.

Ескерте кетерлігі, қағаз тасымалдағышта декларация 2021 жылғы 15 шілдеден кешіктірілмей мемлекеттік кірістер органдарына не ХҚКО-ға келу тәртібімен ұсынылады. Ал декларацияны электронды түрде 2021 жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей салық төлеушінің кабинеті арқылы (cabinet.salyk.kz), «электронды үкімет» порталы, сондай-ақ «e-Salyq Azamat мобайл қолданбасы арқылы ұсынуға болады.

2021 жылы активтер мен міндеттемелер туралы декларация қалай ұсынылады?

Сонымен 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап басталатын жалпыға бірдей декларация тапсырудың бірінші кезеңінде жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары); мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары); мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары); «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларацияны табыс ету міндеті жүктелген тұлғалар қамтылады. Жоғарыда аталған тұлғалардың анықтамалары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында бекітілген. Одан басқа Қазақстан Республикасы президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Жарлығымен саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімі бекітілген.

Бірінші кезеңдегі декаларция тапсырушылардың саны шамамен 480 адамды құрайды. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны қағаз тасымалдағышта ұсыну мерзімі 2021 жылдың 15 шілдесінен кешіктірілмеуі тиіс. Ал электронды түрде 2021 жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмеуі керек, — деді Дина Құсайынова.

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны қайда ұсыну қажет?

Жеке тұлғалар (Жеке кәсіпкерлер және жеке тәжірибемен айланысатын тұлғалар, мәселен мемлекеттік қызметшінің жұбайын қоспағанда) декларацияны тұрғылықты жері бойынша ұсынады. Жеке кәсіпкерлер мен жеке тәжірибемен айналысатын тұлғалар декларацияны болған дерінде тапсырады.

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны табыс ету тәсілдері: электрондық түрде – «Салық төлеушінің кабинеті» мемлекеттік кірістер комитетінің web-порталы (cabinet.salyk.kz), «Электрондық үкімет» порталы арқылы, сондай-ақ eSalyq Аzamat мобайл қолданбасы арқылы. Қағаз түрінде – мемлекеттік кіріс органдарына келу тәртібімен не тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберіледі.

Жалпыға бірдей декларациялауға көшудің мақсаты — көлеңкелі экономикамен және сыбайлас жемқорлықпен күрес үшін жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкіне тиімді бақылау жүйесін құру, сондай-ақ салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауды қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлін күшейту.

Жалпыға бірдей декларациялауға көшуді қамтамасыз етудегі негізгі міндеттері: жалпыға бірдей декларациялауды енгізудің әдістемелік негіздерін әзірлеу және оларды заңнамалық қамтамасыз ету; жеке тұлғалардың декларацияларын қабылдауға және өңдеуге мемлекеттік органдарды дайындау бойынша іс-шаралар жүргізу; кірістер мен мүлікті декларациялаудың халық үшін анағұрлым қолайлы рәсімін жасау; жалпыға бірдей декларациялауға көшу мәселелері бойынша халықты кең ауқымда ақпараттандыру; декларацияны толтыру және табыс ету бойынша халыққа мемлекет тарапынан әдістемелік көмек көрсету; жеке тұлғалар декларациясын тиімді камералдық бақылау жүйесін құру.

Кірістерді декларациялауды іске асыру көлеңкелі экономикаға қарсы тұруға; мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық деңгейінің төмендеуіне; салық базасын кеңейтуте және жеке табыс салығының бюджетке түсімін арттыруға; Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің салықтық мәдениетін арттыруға ықпал етеді.