«Пессимистік сценарий кезінде, вакциналау тиімділігі 60%-тен кем болмағанда, маусым-қыркүйек айында вирус жұқтырғандар саны 95 мыңға жуықтайды.
Реалистік сценарий бойынша, вакциналау тиімділігі 80%-тен кем болмаса, маусым-қыркүйекте науқастар саны 69 мың адамға жетеді.
Оптимистік сценарийде вакциналау тиімділігі 95%-тен кем болмағанда, маусым-қыркүйекте 61 мыңға жуық адам індетке шалдығады деп болжанып отыр», — деді министр.
Алексей Цой сценарийлердің орындалуы азаматтардың вакциналау мәселесіндегі белсенділігіне тікелей байланысты екенін айтты.
Айта кетейік, бүгінде екі миллионнан астам қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин халықты вакциналау қарқынын арттыруды тапсырды.