Басты бет Жаңалықтар Әнуар Нұрпейісов «Кірпіштер» фильміне түсіп жатыр

Әнуар Нұрпейісов «Кірпіштер» фильміне түсіп жатыр

"Қазақфильмде" жақында ғана жаңа кинотуындының түсірілім жұмыстары басталды. Режиссер Фархат Шәріповтің "Кірпіштер" фильміне актер Әнуар Нұрпейісов түсіп жатыр, деп хабарлайды Жұлдыздар отбасы.

Фильм Данияр Сүгіралиновтің «Кирпичи 2.0» кітабының желісі бойынша таспалануда. Жаңа кинотуынды келер жылы көрермендер назарына жол тартпақ.

Айта кетейік, Әнуар Нұрпейісов осыған дейін режиссер Фархат Шәріповтің «Қызғылт қоян жайлы хикая» («Сказ о розовом зайце») фильміне түсіп, танымал болған еді. Енді екі достың «Кірпіштер» фильмін күтетін боламыз.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version