Әнуар Нұрпейісов «Кірпіштер» фильміне түсіп жатыр

Фильм Данияр Сүгіралиновтің «Кирпичи 2.0» кітабының желісі бойынша таспалануда. Жаңа кинотуынды келер жылы көрермендер назарына жол тартпақ.

Айта кетейік, Әнуар Нұрпейісов осыған дейін режиссер Фархат Шәріповтің «Қызғылт қоян жайлы хикая» («Сказ о розовом зайце») фильміне түсіп, танымал болған еді. Енді екі достың «Кірпіштер» фильмін күтетін боламыз.