Қазақстан балаларды қорғау рейтингінде нешінші орында?

Бұл туралы  Finprom.kz хабарлады.

Балалар үшін ең қауіпсіз ел санатында Сингапур мен Словения болып шықты. Ал үшінші орын Финляндия мен Швецияға тиесілі. Нигерия мен Орталық Африка Республикасы және Чад қауіпсіздік көрсеткіші бойынша төменгі мемлекеттер қатарына енді.

Балаларды қорғау

Рейтинг көрсеткіші денсаулық сақтау мен білім беру және жалпы алғанда балалар қауіпсіздігі деңгейі бойынша анықталды.

Сонымен бірге Қазақстанда 5 жасқа дейінгі балалар өлімінің орташа коэффициенті дүниеге келген әрбір 10 мың балаға шаққанда, 99-ға тең екені айтылған. Көп жағдайда қыздардың 6%-ті 15-19 жасында тұрмысқа шығады және балалардың 8%-і 5 жасқа дейін аш құрсақ болып жүреді.

Қазақстанда ұл көп пе, қыз көп пе?

Ал балаларды еңбекке тарту 2,2% тең. Жасөспірімдер арасындағы жүктілік коэффициенті 1 000 қызға шаққанда 29,8 тең. Балалар суицидінің деңгейі халықтың 100 000-на шаққанда 1,3 тең түскен.

Қазақстанда жыл басында 0-ден 15 жасқа дейінгі 5,8 миллион бала болған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,7%-ке көп. Ер балалар саны қыздар санынан асып түскен: яғни 5,8 миллион баланың 2,8 миллионы қыз бала.

Балалар мен жасөспірімдердің басым бөлігі Түркістан облысында тұрады: 815,4 мың адам. Бала саны жөнінен алғашқы 3 аймаққа Алматы облысы мен Алматы қаласы кіреді. Балалардың ең аз бөлігі Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген.

Балаларды қорғау

Суицид көрсеткіші қандай?

Қаңтар-сәуір аралығында республикада кәмелетке толмағандар арасында 53 суицид жасалды (бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 15,2% артық). Оның ішінде 32 ұл мен 21 қыз бар.

Өз-өзіне қол жұмсау әрекетін тағы 120 адам жасады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,3%-ке көп. Оның ішінде 21 ұл мен 99 қыз бар. Олардың көпшілігі толық отбасыларда өмір сүрді.

Балаларды қорғау

ДереккөзSputnik.kz