Елдос Сметов — Олимпиада ойындарында дзюдодан Асхат Жіткеевтің ерлігін қайталап, күміс медальға қол жеткізсе, Галбадрах Отгонцэцэг – дзюдодан Олимпиада ойындарында жүлдегер атанған алғашқы қазақстандық әйел спортшы атанды. Бұл Қазақстан дзюдо тарихында алтын әріптермен жазылатын жетістік.
Олимпиададан бөлек, спортшыларымыз Әлем Чемпионатында да медальмен оралды. Атап айтар болсақ, Кинтонов Мурат – ардагерлер арасында Әлем Чемпионы атанса, Ғұсман Қырғызбаев – әскерилер арасындағы Әлем Чемпионатында алтыннан алқа тағынып, ел намысын абыроймен қорғады.
Құрлықтық чемпионатта да дзюдошыларымыз жүлдесіз қалмады. Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында 3 алтын, 2 күміс, 4 қоламен ұлттық құрама командалық есепте Азия Чемпионатын ІІІ орынмен аяқтады. Бұл сында Елдос Сметов (60 кг), Отгонцэцэг Галбадрах (48 кг) және Мариан Урдабаева (63 кг) чемпион атанып, жалауымызды желбіреткен болатын.
Биыл ересектерден Қазақстан Ұлттық құрамасы IJF күнтізбесіндегі барлық ірі жарыстарға қатысып, 2016 жылы 35 медальға қол жеткізді. Оның 10-ы алтын, 12-сі күміс және 13-і қола.