Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-парақшасында жазды.
Мемлекет басшысы «Казахстанская правда» газетінде 24 мамыр күні жарияланған «Заложники равнодушия» атты мақалада айтылған мәселеге назар аударды. Президент әкімшілігіне Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданына қоныс аударған азаматтарға арналып салынған тұрғын үйлердің сапасын тексеру туралы тапсырма берілді. Тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша тиісті шара қолданылады, — деді Берік Уәли.
«Казахстанская правда» газетінде жарияланған «Заложники равнодушия» мақаласын мына сілтемеден оқуға болады.