Басты бетҚоғамEurovision-2021 байқауында...

Eurovision-2021 байқауында италиялық Maneskin тобы жеңді

Көрермендер мен қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша италиялықтар 524 ұпай жинап, жеңімпаз атанды. Олармен 25 елдің орындаушысы бақ сынасты.

Måneskin рок-тобының өкілдері күтпеген жеңіс болғанын мойындады, олар көрермендерге алғыс айтты.

Еске салайық, коронавирус пандемиясына байланысты 2020 жылы кейінге қалған Евровидение байқауы биыл 18-22 мамырда Роттердамдағы Ahoy аренасында өтті.

Måneskin — төрт адамнан тұратын италиялық рок тобы. Олар 2017 жылдың қарашасында Chosen синглін шығарған. 2021 жылы Евровидениеде айтқан Zitti e buoni әнімен «Сан-Ремо» музыкалық фестивалінде жеңіске жеткен.

Италия Евровидениеде кейінгі рет 1990 жылы жеңген. Бұл ел үшінші рет жеңіске жетіп отыр.