Қаулыға сәйкес, Қазақстанның барлық өңіріне мынадай кәсіпкерлік нысанда «Ashyq» жобасын іске асыру тапсырылды:
- йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;
- спа-орталықтары;
- сауналар, бассейндер;
- PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар;
- боулинг клубтары;
- кинотеатрлар;
- театрлар мен филармониялар;
- асхана типіндегі объектілерді, стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, фуд-корттар, банкет залдары;
- облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;
- бильярд клубтары;
- концерт залдары;
- ерікті қатысушылар;
- караоке;
- көрмелер;
- океанариум;
- марафондар;
- көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы;
- Алматы қаласының әуежайы;
- (2021 жылғы 31 мамырдан бастап) Шымкент пен Түркістан және (2021 жылғы 7 маусымнан бастап) Ақтау мен Қостанай әуежайлары;
- лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар.
Қаулыда сонымен бірге Ashyq жобасына жаңа қатысушыларды қосу алгоритмі, Ashyq жобасын енгізу және «сары/қызыл» мәртебесі бар келушілерді анықтау кезінде шаралар қабылдау алгоритмі көрсетілген. Сондай-ақ, жосықсыз қатысушыларды Ashyq-тан шығару рәсімі сипатталған.
Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.