Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Ерлан Нысанбаев экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметінен босатылды. Қазақстан Үкіметінің қаулысымен бұл қызметке Әлия Шалабековатағайындалды.
Әлия Шалабекова 1976 жылы Қостанай облысында туған. Қазақ мемлекеттік заң университетін, ҚР президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, Колумбия университетін бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы Әділет министрлігінің Қаржылық және ресурстық қамтамасыз ету департаментінің қаржы бөлімінің бас маманы қызметінен бастады.
1999-2008 жылдары Әділет министрлігінің құрылымында түрлі қызмет атқарды.
2008-2012 жылдары Жер ресурстарын басқару агенттігінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
2012 жылдың мамыр-шілде аралығында «Нұр Отан» партиясы Жоғары партия мектебінің сараптау және үйлестіру секторының меңгерушісі, 2014 жылдың маусым-қазан аралығында Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының міндетін атқарушы болып жүмыс істеді.
2014-2019 жылдары Энергетика министрлігінде басшылық қызметтерде болды.
2019-2020 жылдары Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты Экологиялық саясат және тұрақты даму департаментінің директоры қызметін атқарды.
2020 жылдың мамырынан қазіргі уақытқа дейін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Трансшекаралық өзендер департаментінің директоры болды.