Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігі хабарлады.
Ресей Федерациясы Үкіметінің 18.05.2021 жылғы №1291-р өкіміне сәйкес, қазақстандықтардың Ресейге келуі үшін Ресей азаматтығы бар жақын туыстарының тізімі кеңейтілді.
Енді Қазақстан азаматтары туыстық қатынасын растайтын құжаттары болса, РФ азаматтығы бар жұбайларына, ата-аналарына, балаларына, сонымен бірге туған ағалары, әпкелері, әжелері, аталары, немерелеріне де құрлық арқылы бара алады, — делінген хабарламада.