Baribar редакторы Еңлік Сақтан әртүрлі бағыттағы материалдар дайындайды. Көбіне кәсіпкерлерден, экобелсенділерден сұхбат алады, танымдық мақалалар жазады. Бос уақытын дамуға арнап, мәдени орындарға барғанды жанымен сүйеді. Бірақ елде коронавирус таралғалы бері Еңліктің күнтәртібі түбегейлі өзгерді. Өзі айтқандай, бар тірлігі біртұтасқа айналғандай.
Үйде жұмыс істегелі өзіме бөлетін уақытым, хоббиім, қыдырып қайту, басқа да істерге араласу – бәрі бір болып кетті. Кез келген уақытта жұмыс істеп отыруым мүмкін немесе жұмыс арасында серуендеп те қайта аламын. Күнде таңертең бір стақан суымды ішіп аламын да, компьютерге отырамын. Әдетте түске дейін тапжылмай жұмыс істеймін. Бір жағынан таңертең өзіме ас батпайды. Түсте жан-жағыма қарай бастаймын. Шай ішемін, үйді бір реттеп, қоқысты шығарып келемін. Түстен кейін көбіне адамдарға хабарласып, сұхбаттасамын, кітап оқимын. Өзім де сайтқа контент дайындайтын болғандықтан басқалардың да жасап жүрген дүниесін қарап шығамын. Жұмыс бойынша ертеңге жоспар құрамын, — дейді журналист.
Бұрын жұмыстан кеш қайтқанда Еңліктің тамақ істеуге көңіл-хошы болмайтын. Қазір үйде жұмыс істесе де, тағам әзірлеуге арнайы уақыт бөлмейді екен. Біз Еңліктің 5 күнде қандай тамақ әзірлеп, оны дайындауға қанша уақыты және қаражаты кететінін бірге есептеп көрдік.
1-күн. Еңлік кешкі асқа тауықтың аяқтары мен картопты пеште пісірді. Дайындалуы жағынан бұл жылдам. Әуелі картопты ашып, турап алды. Сосын тауықпен бірге бәрін арнайы дәмдеуішпен араластырды. «Дәмі кірсін» деп кетчуп те қосты. Сосын тез-тез пешке салып жіберді. Журналист тамақ дайындауға 1 сағат 15 минутын жұмсады. Супермаркеттен азық-түлік алып келуіне 25 минуты кетті. Кешкі асына қажет ингредиентті 1360 теңгеге сатып алды.
2-күн. Еңлік тамақты көңіл-күйіне байланысты дайындайды. Егер жұмысы көп болып, шаршаса, сырттан тамақтанады немесе жай шай ішіп, серуендеп қайтады. Бірақ бұл күні редактор көтеріңкі көңіл-күймен сүйікті асы — тұшпараны әзірлеуді шешті. Тағам әзірлеу әжептәуір уақытын алды. Фарш дайындап, нан илеп, тұшпара түюге 2 сағаты кетті. Ингредиентіне 2100 мың теңге жұмсады.
3-күн. Еңлік бұл күнгі менюді сіңлілерінің тапсырысы бойынша дайындады. Олар әпкесінің палауын жақсы көреді.Сол себепті ол кешкі ас уақыты жақындаған сәтте дүкенге барып, балғын көкөністер сатып алды. Дайын палауды дастарханға қойғанға дейін журналистің 2,5 сағаты кетті. Палау әзірлеуге 1600 теңгесін жұмсады.
4-күн. Еңлік дәстүрлі тағамдарға қарағанда пайдалы әрі жеңіл өнімдерге көшкісі келеді екен. Себебі жұмысы үйде болған соң өте аз қозғалып жүрмін деп уайымдайды.
Диетологтар мұндай режимдегі адамға жеңіл тамақ жеген дұрыс екенін үнемі айтады. Бірақ бүгін мұндай қағиданы бұзып отырмын, — дейді ол.
Сол себепті ол бұл күні қышқылтым көжені әзірледі. Тамақ дайындауға 1,5 сағатын жұмсады. Ингредиентіне 900 теңге қажет болды.
5-күн. Еңлік кешкі асқа сіңлілерімен бірге котлет пен қарақұмық әзірледі. Қыздар сүйікті асты дайындауға 1 сағат 40 минутын жұмсады. Ал тағамға қажет ингредиент 1540 теңге болды.
Журналист тамақ әзірлеуге 5 күнде 7 сағат 35 минутын жұмсаған. Бұл – оның шамамен бір күндік жұмыс уақыты. Тамақ әзірлеуге кеткен шығын – 7500 теңге.
Порталымызға түрлі иллюстрацияны лезде әрі сапалы дайындап беретін маманымыз — Бекзат Исамбергеновтің күнтәртібіне карантин ешқандай өзгеріс әкеле қоймаған. Ол осымен үшінші жыл қатарынан үйінде жұмыс істейді.
Күнтәртібім қарапайым. Жұмыс уақыты барлығында күндіз болған соң мен де тапсырмаларды күндіз қабылдаймын. Мүмкіндік болса, әрине, түнде жұмыс істеген ұнайды. Таңертең ерте тұру мен үшін қиын, — дейді ол.
Бекзат негізгі жұмысымен қатар фриланста да дамығысы келгесін, қызық жобалар, тапсырыстар алуға тырысады. Оның пікірінше, тәжірибе әрқашан керек.
Жалпы, демалыс күні басталмай жатып үй жинап аламын. Демалыста қиын іспен айналысқым келмейді. Тамақты жұмыс күндері дүкеннен, кафеден, жеткізу қызметімен аламын. Себебі пісіруге уақыт табылмай қалады, — дейді ол.
Біз Бекзаттың 5 күнде жеткізу қызметімен уақытын және қаржысын қалай үнемдейтінін бақылап көруді шештік.
1-күн. Бекзат пастаны ұнатады. Көптен бері жемеген соң бүгін асшаяндары бар пастаға және ысталған лосось салатына, апельсин лимонадына Wolt-тан тапсырыс берді.
Wolt өте ыңғайлы. Тіркелуі супер тез. Бірінші рет кірген кезде бірден тіркеле салдым. Қай жерін басамын, нені іздеймін деп отырған жоқпын. Барлығы жүйеленген. Санаттарына қарай керек заттың барлығын бірден көресің. Жеткізу уақытын бақылау ыңғайлы. Курьерді көріп тұрсаң, күту уақыты тезірек өтетін сияқты. Бүгін мүмкін менің жолым болды, тапсырыс жарты сағатқа жетпей жетіп келді, — дейді Бекзат Исамбергенов.
Wolt Бекзаттың тапсырысын 25 минутта жеткізді. Иллюстратор кешкі асына 5170 теңге жұмсады.
2-күн. Бекзат фастфудқа әуес емес, бірақ өзін дұрыс тамақтанатындардың да қатарына жатқызбайды. Дегенмен көптен бері фаст-фуд жемегендіктен ол бұл күні Wolt арқылы бургер комбоға (бургер, фри, сусын, балапан қанаттары) тапсырыс берді. Фаст-фуд Бекзаттың үйіне 15 минутта жетті. Бағасы — 1550 теңге.
3-күн. Бекзат тамақ пісіре алады. Білмейтінімді интернеттен қарап дайындайды. Кейде көңіл-күйі жақсы болса, бірнеше сағат асханада жүреді екен. Бірақ бүгінг жұмысының көп болуына байланысты үйіне жақын рестораннан тауық етінен және чеддер ірімшікпен жасалған кесадильяға тапсырыс берді. 20 минутта тапсырыс үйіне жетті. Бағасы – 2300 теңге.
4-күн. Бұл күні де Иллюстратор сүйікті ресторанынан тапсырыс беруді шешті. Таңдауы — тауық етінен жасалған рулет, гарнирге — картоп. Кешкі ас 30 минутта дастарханында болды. Бағасы – 2200 теңге.
5-күн. Бекзат Wolt-тан әдетте жиі тапсырыспеналдыратын фарфалле пастасына тапсырыс берді. Тапсырыс қабылданғаннан 25 минуттан кейін үйіне жеткізілді. Бағасы – 2200 теңге.
5 күнде Бекзаттың Wolt-тан берген 5 тапсырысы жалпы есепте 1 сағат 55 минутта үйіне жеткізілді. Кеткен шығын – 13 020 теңге. Ол бір күнде бірнеше тағам түріне тапсырыс бергенін ескергеніміз жөн.
Wolt-та статустың жаңаруы плюс деп айта аламын. Тапсырысың қалай, қай жерде келе жатқанын, не болып жатқанын біліп отырасың. Жеткізудің бағасы қатты жоғары емес сияқты. Осы тұсы өте тиімді, себебі басқа жерде тапсырыс берсең, жеткізудің бағасы қымбат шығып, тапсырыс бергің келмей қалады, — дейді ол.
Біз Еңлік пен Бекзаттың тағам дайындауға жұмсайтын уақыты мен бюджетін салыстырып, оны инфографикаға салып көрдік. Қалай ойлайсыз? Уақыт пен қаржыдан кім ұтты?
Wolt қосымшасын жүктеп, 500 теңгеге жеңілдік алыңыз! Жеңілдікті қолдану үшін BARIBAR промокодын енгізуіңіз керек. Бұл — барлық жаңа қолданушыға арналған мүмкіндік! Ас болсын!
МАҚАЛА WOLT ҚОЛДАУЫМЕН ЖАСАЛҒАН