Басты бет Жаңалықтар Алматы қаласындағы сауда желілері жаңажылдық акция ұсыныстарын іске қосты

Алматы қаласындағы сауда желілері жаңажылдық акция ұсыныстарын іске қосты

Мереке күндерінің қарсаңында Алматы қаласындағы сауда желілері жаңажылдық акция ұсыныстарын іске қосты.

Фото: Pfrf-kabinet.ru

Барлығы 120 дүкен кіретін алматылық 13 сауда желісі 19% бен 60% аралығында 150-ден астам тауарға жеңілдіктер ұсынып отыр. Бұлардың қатарына негізінен азық-түлік өнімдері кіреді.

Мәселен, «Магнум» супермаркеті 42 тауарды жеңілдікпен сату туралы шешім қабылдады. Акцияға дейін ақ картоп (Қазақстан) 89 теңге тұрса, жеңілдікпен 65 теңге; «Маслозавод№1» күнбағыс майының 5 литрі 2269 теңге болса, акция аясында 1849 теңге; «Adal» қаймағы (майлылығы 10%, 380 гр.) 365 теңгеге сатылса, жеңілдікпен 255 теңге; жеңілдетілген «Жайлау» сары майы бұрын 129 теңге тұрса, жеңілдікпен 89 теңге; «Сава» сервелат шұжығы 1139 теңгеден саудаланса, акциямен 629 теңге тұрады.

Сонымен қатар «Carrefour» супермаркеттерінде азық-түлік өнімдеріне, гигиена тауарларына және матаға 58%-ға дейін, «Реалист» желісінде 19% бен 45% аралығындағы жеңілдіктер бар. Ал «Рамстор» сауда желісінде «демалыс күнінің» жеңілдіктері жүйесі жұмыс істейді. Ол бойынша алматылықтар «Расмтор» супермаркеттерінде сенбі және жексенбі күндері 50%-ға дейін жеңілдікпен тауар сатып ала алады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version