Басты бетЖаңалықтарАлматы қаласындағы...

Алматы қаласындағы сауда желілері жаңажылдық акция ұсыныстарын іске қосты

Барлығы 120 дүкен кіретін алматылық 13 сауда желісі 19% бен 60% аралығында 150-ден астам тауарға жеңілдіктер ұсынып отыр. Бұлардың қатарына негізінен азық-түлік өнімдері кіреді.

Мәселен, «Магнум» супермаркеті 42 тауарды жеңілдікпен сату туралы шешім қабылдады. Акцияға дейін ақ картоп (Қазақстан) 89 теңге тұрса, жеңілдікпен 65 теңге; «Маслозавод№1» күнбағыс майының 5 литрі 2269 теңге болса, акция аясында 1849 теңге; «Adal» қаймағы (майлылығы 10%, 380 гр.) 365 теңгеге сатылса, жеңілдікпен 255 теңге; жеңілдетілген «Жайлау» сары майы бұрын 129 теңге тұрса, жеңілдікпен 89 теңге; «Сава» сервелат шұжығы 1139 теңгеден саудаланса, акциямен 629 теңге тұрады.

Сонымен қатар «Carrefour» супермаркеттерінде азық-түлік өнімдеріне, гигиена тауарларына және матаға 58%-ға дейін, «Реалист» желісінде 19% бен 45% аралығындағы жеңілдіктер бар. Ал «Рамстор» сауда желісінде «демалыс күнінің» жеңілдіктері жүйесі жұмыс істейді. Ол бойынша алматылықтар «Расмтор» супермаркеттерінде сенбі және жексенбі күндері 50%-ға дейін жеңілдікпен тауар сатып ала алады.