Рамазан және Медина. Оразада тағы қандай есімдер жиі қойылды?

Оразада елімізде дүниеге келген ұл балаларға Рамазан, ал қыз балаларға Медина есімі жиі қойылған.

Сонымен, сәуір айында дүниеге келген 1 175 ұл балаға Рамазан есімі берілген. Жалпы бұл айда ұлдарға Айсұлтан (388), Әлихан (341), Нұрислам (325) және Амир (212) есімдері жиі қойылған.

Ал қыздар арасында сәуірде Медина (585) есімінің жиі қойылғанын байқауға болады. Үздік бестікке Раяна (489), Айша (425), Айлин (397), Айзере (342) есімдері кіреді.

Статистика деректерінен мамыр айында да Рамазан (510), Айсұлтан (183), Әлихан (178), Нұрислам (156) есімдері жиі берілгенін байқауға болады. Дегенмен, бұл айда ұлдарға қойылған үздік 5 есімнің қатарына Алдияр (94) кіріп отыр.

Мамырда қыз балаға есім қоюда алғашқы үздік төрттік өзгермеген. Яғни Медина (235), Раяна (224), Айша (190), Айлин (175) есімдері жиі қойылған. Бұл айда үздік бестікке Асылым есімі де кірді. Мұндай есім 157 қыз балаға берілген.

ДереккөзҚазАқпарат