«Қазгидромет» РМҚ хабарлауынша, 20 мамырда Қара теңіз аудандарынан суық ауа массаларының келуіне байланысты батыс және оңтүстік өңірлерді қоспағанда, республиканың басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді.
Түнде солтүстік, солтүстік-батыс, орталық, шығыс, оңтүстік-шығыс аймақтарда кей жерлерде 2 градусқа дейін үсік жүреді. Бірақ, 21 мамыр күні түстен кейін Иранның аудандарынан жылы ауа массаларының келуіне байланысты температура көтеріледі: солтүстік, солтүстік-батыс, орталық аудандарда 25-33 градусқа дейін, оңтүстікте 35 градусқа дейін. Атмосфералық фронтальды жүйелердің өтуімен, кей жерлерде найзағай ойнап, қатты жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін, 20-21 мамырда еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең жекелеген облыстарда республика бойынша тұман түсуі мүмкін, — делінген хабарламада.