Кейде осы есеп-қисаптың арты хаос болып жатады. Бұл – сіз үшін тиімсіз шарттарда немесе о баста тиімді болып, қазір қаржылық қиыншылыққа тап болған кезде мүлдем тиімсіз болуы мүмкін шарттарда «жылдам ақша» алуға мәжбүрлеген жағдай.
Арада біраз уақыт өте келе бірнеше желі бойынша несие міндеттемелері сізді әуре-сарсаңға салуы мүмкін: артықшылықтарды белгілеу, мүмкіндіктер және туындап жатқан жаңа қажеттіліктер. Мұндай жағдайда не істеуге болады? Бәрін басынан бастау қажет!
JUSAN BANK несиелерді қайта қаржыландыру және біріктіру бағдарламасын ұсынады. Бұл нені білдіреді? Несиелеріңізді бірыңғай пайызбен, ыңғайлы өтеу кестесімен бір банкке жинақтай аласыз! Қазақстанның қай банкінен қарыз алсаңыз да, қайта қаржыландыру бағдарламасының арқасында міндеттемелеріңізді бірыңғай «портфельге» жинақтауға болады!
Сонымен, несие тарихыңыздың сюжетін қалай өзгерте алатыныңызды көрейік! JUSAN BANK бағдарламасы мынадай мүмкіндіктер ұсынады: өтеу мерзімі 6 айдан 5 жылға дейін мерзімді созылатын 50 000 теңгеден 6 миллион теңгеге дейінгі сомаға қарыздарды қайта қаржыландыра аласыз. Біріктірілген несие бойынша пайыздық мөлшерлеме – 18,5%-дан бастап (ЖТСМ). Бұл ретте, сақтандыру немесе комиссиялар түрінде несие ресімдеу бойынша қосымша шығыстар жоқ, ал несие бойынша уақтылы төлемдер жасағаны үшін банк төленген қаражаттың бір бөлігін кэшбэк түрінде қайтарады! Бірнеше тұтынушылық қарызды біріктіру ай сайынғы бюджетіңізді де, отбасыңыздағы ұзақ мерзімді қаржы жоспарын да ретке келтіруге мүмкіндік береді: бірыңғай шарттар, бір күн, бір банк!
Қаржыға жауапкершілікпен қарау керегін ұмытпаңыз, себебі мұндай бағдарламаның өзі де барлық қиындықты шеше қоймайды – негізгі қарыз сомасы ғана қайта қаржыландырылады, бұл бағдарлама сыйақы төлеу мен айыппұл санкцияларын қайта қарастырмайды.
Несие тарихыңыз жөнінде оң шешім қабылдаймын десеңіз, JUSAN мобильді қосымшасын жүктеп, тіркеліңіз.
Осы жерде бірнеше батырманы басу арқылы бағдарлама талаптарына сәйкес өту мүмкіндігіңіз бар-жоғын біле аласыз!
Тіркеліп, жеке тұлға екеніңізді растағаннан кейін, JUSAN мобильді қосымшасы несиелерді қайта қаржыландыру бағдарламасының шарттарына сәйкес келетін қолданыстағы қарыздарыңызды көрсетеді. Бір немесе бірнеше қарызыңызды таңдап, өтінішіңізді бірден қарауға жібере аласыз! Өтінімді мақұлдау процесі жылдам және барынша автоматтандырылған әрі аса икемді. Егер сіз сұратқан сома мен мерзім қайта қаржыландыру бағдарламасының талабына сай келмесе, банк сізге басқа балама нұсқаны ұсынады.
Қажет құжаттар, құралдар мен іс-әрекеттер (ЭЦҚ шығарудан банктік қарыз шартына қол қоюға дейін) JUSAN қосымшасының электрон базасына салынған, сол себепті кредиттеріңізді қайта қаржыландыруды ресімдеу бойынша барлық қадамыңызды онлайн жүзеге асыра аласыз.
Атап кетер жайт, қайта қаржыландыру бағдарламасы банк клиенттеріне ғана емес, JUSAN қаржы жүйесіне енді қосылатындарға да қолжетімді. Банк картасы болмаған жағдайда, мобильді қосымша автоматты түрде сізге карта шығаруды ұсынады. Дайын карта сіз таңдаған мекенжайға жеткізіледі.
Оған қоса, егер өміріңізде күтпеген (және қуанышқа толы!) оқиғалар қосымша қаржыны талап еткен жағдайда, қайта қаржыландыруды ресімдеу барысында JUSAN BANK-тен қосымша несие алу сомасын да бірден көрсете аласыз.
JUSAN BANK-тен несиені қайта қаржыландыру — қаржыңызды ретке келтірудің жаңа әдісі және несие тарихыңыздың таза парақтан басталуы.