Ноутбуктың конфигурациясы

Бүгін біз жаңа ASUS ROG Strix SCAR 17 (G733QR) өте қызық конфигурацияда қарастырамыз:

Процессоры

AMD Ryzen™ 9 5900HX (8 ядролық / 16 ағынды, 3300 – 4600 МГц, 16Мб L3 кэш жады)

Оператив жадысы

16Гб DDR4-3200

Видеожүйесі

Мобильді NVIDIA® GeForce RTX™ 3070 8Гб, 115Вт (130Вт ROG Dynamic Boost-пен)

Дисплейі

17,3” Full HD (1920 x 1080) 300Гц / 3мс

Жинақ жадысы

1Тб SSD PCI-E 3.0

Комплектіге не кіреді?

Қымбат ойын ноутбуктарын қоспай тұрып-ақ сынауды бастап кетеміз ғой. Не дегенмен алғашқы әсер оны қолыңызға алған кезде қалыптасатыны рас. Осы тұста ROG Strix SCAR 17 (G733QR) клиентін қуанта біледі екен. Біз қолға алған модификация ROG Backpack фирмалық рюкзагымен және ROG Chakram Core тінтуірімен бірге жүреді. Сонымен қатар қорапта құжаттама және 240 Вт қуат көзі, екі ауыстыруға болатын декоратив панель және алынбалы Keystone II кілті бар.

Дизайны мен үйлесімі

17,3 дюйм болғанына қарамастан, габариті ықшам әрі жинақы (395 x 282 x 2,8 см). Әйтсе де 2,6 кг салмағына қарап, компьютердің берілген «тапсырманы» өндіріп жасайтынын байқауға болады.

ASUS ROG Strix SCAR 17 (G533QS). Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Көзге бірінші лазермен өрнектелген алюминий қақпақ түседі. Жарығы қосылғанда шағын торларға сән кіреді. «Көз тарту үшін» ғой. Жалпы ASUS ойын құрылғыларының дизайнерлік концепциясы ұқсас. Бірақ алдыңғы буынға жататын SCAR модельдерімен салыстырғанда бұл техника әсерлірек көрінеді. Жеке ойымыз, қазіргі дизайн ықшам.

ASUS ROG Strix SCAR 17 (G733QR) ноуттың сыртқы түрін өзгертудің қосымша әдісін ұсынады. Артқы жағында – ауыстырылатын панель. Онда ROG деген үлкен жазу жазылған. Комплектіде ауыстыруға болатын қосымша қақпақтары да бар.

Панельді өзіңіз дайындап, оны 3D принтерде басып шығарып ала аласыз. Қажет файлдарды өндірушінің сайтынан жүктеуге болады. Яғни ноутбуктың түрін түрлі стикер, жапсырмасыз-ақ ерекше етуге болады.

Ноутбукте басқаруға болатын RGB жарықтандыруы көп: қақпағындағы логотип, алдыңғы және екі жағындағы жолақтары, пернетақта, тіпті әрбір жеке-жеке өзгертуге болатын клавиш, дисплейдің астыңғы жағындағы кішкентай бөлігі де жанады! Ал жарықтың мұндай «шоуын» қаламасаңыз, бір кнопкамен барлығын өшіріп қоюға болады. 

Экранның жұқа жақтаулары ішінен көзге түседі, соның арқасында ноутбук өте жинақы көрінеді.

Барлық интерфейс коннекторы ноутбуктың сол және артқы жағында орналасқан. Сол жақта тек екі классикалық USB 3.2 Gen1 (USB 3.0) порты және құлаққапты немесе гарнитураны қосуға арналған 3,5 миллиметрлік ұяшық бар.

Коннекторлардың негізгі жиыны артқы панельге шоғырланған. Стандарт қуат көзін жалғағыш және Ethernet розеткасы бар. Ойын жүйесі сымсыз қосылады, толық көлемді HDMI 2.0b шығысынсыз (3840 × 2160 @ 60 Гц-қа дейін) жұмыс істейді. USB 3.2 Gen2 протоколы мен DisplayPort арқылы бейнені жіберуді қолдайтын USB 3.2 Gen1 типті USB, сонымен қатар универсал USB Type-C порты бар. Порт 100 Вт-қа дейінгі қуатпен ток жеткізе алады. Қосқыш сізге ноутбукты Type-C арқылы зарядтауға және осы коннектордан сыртқы құрылғыларды қуаттауға мүмкіндік береді.

Оң жақ панельде интерфейс қосқыштары жоқ. Бұл оңқайлар үшін жақсы. Тіпті теориялық тұрғыдан да оң жақта ешқандай кедергі болмауы керек. Ойын жүйесінде бұл – тінтуірдің орны.

Енді компьютердің қосқыштары туралы айтсақ. Мұндай қосқыш ойын платформасы үшін берік жиынтық, бірақ белгілі бір шектеуі бар. Thunderbolt 3-тің жоқ екенін атап өтейік, бұл контроллерді Intel компаниясы шығарады. Мүмкін интерфейс маңызды емес шығар, бірақ осы кластың жүйесінде ол артық болмас еді. Жалпы тағы бір Type-C порты керек-ақ. Компьютер корпусында кард-риддерге де орын табылмапты. Ол ойын жүйесі үшін қажет емес, бірақ медиа адамдары қосымша адаптерлерсіз жұмыс істей алатынына қуанар еді.

Ноутбуктың төменгі панелі пластиктен жасалған. Бетінде әртүрлі габариттегі және дизайндағы резеңке тіректер бар. Бұл элементтер — платформаны безендірудің бір жолы, бірақ негізгі міндеті – құрылғыны үстел үстіне орнықты тұрғызу. Ноутбук жұмыс үстелінде өте қонымды, жылжып кетпейді. Төменгі панельде желдеткіш саңылаулар бар. Ал дыбыс шығарғыш жабық тұрады.

Үстіңгі қақпақты бір қолмен ашуға болады. Мұнда бәрі тепе-теңдікпен реттелген. Дисплей бөлігін шамамен 135 градус бұруға болады. Бұл жұмыс үстелінде тұратын ойын моделі үшін жеткілікті.

ASUS ROG Strix SCAR 17 (G733QR)
ASUS ROG Strix SCAR 17 (G733QR)

Клавиштар қатты басқан кезде де салдырламайды.

Дисплей

Ойындар үшін дисплейдің өлшемі үлкен мәнге ие, сондықтан 17,3 дюймдік диагональ пайдалану ыңғайлылығына жақсы әсер етеді. Біздің конфигурациямызда стандартты ажыратымдылық — 1920×1080 пиксель, бірақ өте жоғары жылдамдықта: 300 Гц жиілік және 3 мс жауап беру уақыты. Ресми сайтқа сәйкес, басқа модификация бар: 2560×1440 ажыратымдылығымен және 165 Гц жаңарту жиілігімен.

ASUS ROG Strix SCAR 15 (G533QS)
ASUS ROG Strix SCAR 17 (G733QR). Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Мұндай дисплейі бар ноутбукте ойын ойнау тым жайлы. Әсіресе CS:GO сияқты секундына 120 кадрдан жоғары талап ететін шутерлер үшін ыңғайлы. Ал sRGB спектрінің 100% көрсеткіште болуы дизайнерлік және графикалық қосымшаларда еркін жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Басқару органдары

ROG Strix SCAR 17 G733 үшін оптика-механикалық арал типтес пернетақта орнатылған. Пернетақтаның әр клавиші тез басылады әрі 100 миллион рет қолданылған жүйе бойынша жасалған. Әр клавиш жеке RGB көмескі жарықпен қамтылған.

ASUS ROG Strix SCAR 15 (G533QS)
ASUS ROG Strix SCAR 17 (G733QR). Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Жұмыс панелінің мөлдір сегментін, қызық дизайны туралы әлі атап өтеміз. Бұл жағдайда салқындату жүйесінің айналмалы элементтері көрінбейді, бірақ металл шассидің сынықтары пластина арқылы көрінеді. Жартылай мөлдір пластина жұмыс панелінен тыс үзілмейді, тек ноутбуктың корпусын жұқа жолақпен орайды.

Пернетақтаға оралсақ, көпфункционал әрі ыңғайлы клавиштерді атап өту керек. Толық өлшемді пернелер, дыбысты реттейтін бес қосымша түйме жиынтығы, микрофон дыбысын өшіретін әрі жұмыс режимін жылдам ауыстыратын, сонымен қатар Armory Crate қолданбасын тез қосуға болатын клавиштер бар. Бәрі өте ыңғайлы орналасқан. Цифр блогы да барү 

Оптика-механикалық қосқыштары бар пернетақтаға үйрену үшін біраз уақыт қажет болады. Егер бұрын қайшы батырмасы немесе мембраналық дизайны бар модельді қолдансаңыз, уақытыңыз одан да көбірек кетер. Пернелерді басу сәл күш жұмсауды қажет етеді. Есесіне клавишті нық шертуге, оның жылдам әрекет етуіне мүмкіндік жоғарылаған. Барлық параметр ойын ноутбугының пернетақтасы үшін жасалған.

Жұмыс панелінің қолайлылығына назар аударайық. Әлбетте, құрастырушылар клиенттің жағымды эмоциясы үшін барын салған. Сонымен бірге пернетақтаның ластануын азайтқысы келген. Бірақ тачпад бәрібір ластанады, ондағы саусақ ізін жасырып қалу мүмкін емес. Демек, құрылғыны тазалап, дұрыс күтім жасау керек.

Бір қызығы, өндіруші ROG Strix ойын ноутбуктарының алдыңғы буындарында пайда болған KeyStone идентификаторын орнату идеясынан бас тартқан жоқ. Жұмыс панелінің оң жақ шетінде түрлі тапсырма үшін пайдаланылатын нақты NFC тэгі бар. Кілттің өзі мөлдір қызыл пластик қорапқа салынған. Жұмыс тақтасындағы мұндай элемент сыртқы дизайнды әртараптандырып, назар аудартады. Сонымен қатар кілтті бекіту механизмі өзгеріссіз қалады. Ол корпустың ішінде магнит түрінде сақталады, бірақ оны оңай алып тастауға болады. Кілтті алып жүру үшін ноутбукпен бірге жеткізілетін карабині бар арнайы кобф қарастырылған.

KeyStone II-нің негізгі функцияларының арасында жасырын бөлімге кіру мүмкіндігі әлі де бар. Ол кілт шығарылған кезде қол жетімді болмайды. Armory Crate қолданбасы KeyStone-да орнатылған немесе жойылған түрлі іс-шараны ұйымдастыра алады. Мысалы, салқындату профилін автомат түрде өзгерту немесе берілген қосымшаны іске қосу болуы мүмкін. Кілт шығару кезінде барлық ашық тұрған беттерді жасырып, дыбысты өшіре аласыз. Бұл опцияның мәні жүйені қалай пайдаланатыныңызға байланысты.

Платформа мен өнімділік

Zen 3 архитектурасы бар жаңа мобильді AMD Cezanne-H процессорларының шығуымен өндірушілерде флагмандық платформаларда да AMD чипінің пайда болуына қарсы ешқандай дәлел қалмаған сияқты. Компаниялар жаңа модельдерін Ryzen 5000 процессорларында қаншалық тез ұсынып жатқанын ескерсек, AMD шешімдері қуатты ойын ноутбуктарының тірегіне айналған сияқты. Кем дегенде, Intel Tiger Lake-H ресми шыққанға дейін.

ASUS ROG Strix SCAR 15 (G533QS
ASUS ROG Strix SCAR 17 (G733QR). Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Айтып өткеніміздей, ROG Strix SCAR 17 G733 модификациясы жаңа NVIDIA GeForce RTX3070 8Гб жадпен және 115 Вт-тан тұратын TDP-мен зарядталады. Жылу пакетін 130 Вт-қа дейін арттыруға болады.

Ноутбук екі арналы режимде жұмыс істейтін 16 ГБ DDR4-3200 жадымен жабдықталған. So-DIMM модульдеріне арналған екі слот бар. Екі қосқыш қажет болған жағдайда жедел жадының жалпы көлемін 64 Гб-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

ASUS-тың жаңа компьютерінде екі M.2 қосқышы бар.

Аппараттық платформаның ерекшеліктерінен Intel Wi-Fi 6 AX200 сымсыз желілеріне қосыла алатын модуль бар екенін атап өткен жөн. Контроллер Wi-Fi 6 (802.11ax) және Bluetooth 5.1-ге қосылады.

Өндіруші ноутбуктың үш стандарт жұмыс режимін ұсынды: Silent, Performance және Turbo. Атауы айтып тұрғандай, Silent қанша көп қолдансаңыз да, жүйенің өте тыныш жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл режимде жиіліктердің төмендігі, қоректену кернеуі және қуат тұтынуы жақсы жұмыс істейді. Нәтижесінде салқындату жүйесіндегі желдеткіштерінің айналу жылдамдығы төмендейді және аз жұмыс істегенде қуат көзін үнемдейді.

Компьютер қай режимде өнімді жұмыс істейтінін әр клиент тексере алады. Мысалы, кеңсе қосымшаларымен жұмыс істегенде немесе видео көргенде, Silent режимін қосуға болады. Шуы аз, желдеткіштерді төменгі жылдамдықта ұстайды, сонысымен пассив түрде салқындатады. Неғұрлым көп ресурсты қажет ететін тапсырмалар немесе ойындар үшін Performance режимі дұрыс. Ал Turbo максимал өнімділікті қамтамасыз етеді, бірақ шу деңгейі сәл жоғары. Профильді өзгерту үшін қосымшаға кірудің қажеті жоқ. Қажет режимді арнайы батырманы басу арқылы таңдау өте ыңғайлы.

ASUS ROG Strix SCAR 15 (G533QS)
ASUS ROG Strix SCAR 17 (G733QR). Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Мультимедиалық ішкі жүйе

Стандарт акустикалық ішкі жүйені ерекше атап өту керек. Төменгі панельде орналасқан екі төмен жиілікті сәулелендіргішпен бірге (2 × 4 Вт) өндіруші ноутбукты артқы және бас әріптер қиылысында орнатылған динамиктер жұбымен (2 × 2 Вт) жабдықтады.

Твиттерлерге бағытталған идея іс жүзінде өте сәтті болды. Бұл бөлшектер мен жалпы дыбыс сапасын жақсартты. Кейбір жағдайда жалпы қор дыбыстың гарнитурасыз немесе сыртқы динамиксіз шығуына мүмкіндік береді. Жалпы ноутбук стандарттары бойынша енгізілген модель мақтауға лайық. Платформа Dolby Atmos-ты қолдайды, бұл айналадағы дыбыспен ойнауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл – әуесқойларға арналған нұсқа.

Сонымен бірге енгізілген меншікті шуды азайту жүйесі екі жақты шуды жоюға ыңғайлы болуы мүмкін. Пернетақтаның оптико-механикалық қосқыштарын ескерсек, хабар тарату кезінде жасыратын нәрсе болатыны сөзсіз.

Салқындату жүйесі

Пайдаланылатын компоненттердің жалпы энергия шығынын ескерсек, жылу шығынын тиімді шығару – бірінші кезектегі мәселенің бірі.

ROG Strix SCAR 17 G733 үшін төрт радиаторлы блок, екі желдеткіш және алты жылу құбырының плексусы бар салқындату жүйесі қолданылады. Түтіктердің біреуі CPU мен GPU қуатын тұрақтандыру жүйесінің қуат элементтеріне арналған радиаторды жобалауда пайдаланылады.

Суық ауа төменгі панель арқылы және экран қақпағының артқы жағындағы саңылаулар арқылы сорылады. Ыстық сору үш жаққа – артқы панельдерге және бүйір беттеріндегі радиатор блоктары арқылы өтеді. Мұндай жүйе 3D Flow Zone деп аталып, ROG Strix сериясында біраз уақыт қолданылып жүр.

Жаңалықтар арасында желдеткіштің жаңаруы да бар. Дәлірек айтсақ, бұл жолы резонансты азайту үшін түрі өзгермелі және нақты пішіні бар жақсартылған желдеткіштер пайда болған.

Тағы бір маңызды ерекшелік – процессор үшін термиялық интерфейс ретінде Thermal Grizzly сұйық металын қолдану. Бұл материал айтарлықтай жақсы жылу өткізеді және процессордан жылуды тезірек алуға мүмкіндік береді. Әзірлеушілердің айтуынша, температуралық айырмашылық термопастпен салыстырғанда 16 градусқа дейін жетуі мүмкін. Сұйық металды жағу үшін процесті автоматтандыратын меншікті технология қолданылады.

Салқындату жүйесі 0dB желдеткіш технологиясын қолдайды. Егер жағдай дұрыс болса, желдеткіштерді тоқтатуға мүмкіндік береді.

Жылыту және шу деңгейі

Ноутбукпен түрлі режимде, атап айтқанда, тыныш, «Турбо» және «Перформанс» деп аталатын үш баптауда жұмыс істеуге болады. Алғашқысы атауы айтып тұрғандай артық шу тудырмайды және құрылғы аккумулятордан қуат алып тұрғанда қосулы болады. Ал тікелей тоққа қосылсаңыз, «Турбо» «күшіне» енеді. «Перформанс» — осы екеудің аралық нұсқасы. 

«Турбоны» қосқанда, ноутбукке салмақ түскені сырт белгілерден анық байқалады, мәселен, шуы көбейді. Әрине, құлаққапсыз ойнау не жұмыс істеу қиын көрінуі мүмкін, бірақ бұл аздаған жайсыздыққа қарамастан, құрылғының пәлендей қиналғаны білінбейді. 

Қорытынды

ROG Strix-тің бұған дейінгі ноутбуктары жоғары бағаланған болатын. Сапасы мен қолданушы сұранысын қанағаттандыра алуы және бұл көрсеткіштердің құнына үйлесе қалуы тым-тым жақсы еді. Ойын ойнаймын немесе ауыр бағдарламалармен жұмыс істеймін және ол үшін қыруыр ақша шығармаймын деген адамға қолайлы-ақ. 

Біз қарастырған ROG Strix SCAR 17 бұл дәстүрден алшақтамапты: экраны — қанық және кез келген ортада анық көрінеді, клавиатурасы қолайлы. Тоқсыз жұмыс істейтін автоном уақыты да таңғалдырды. Анау-мынау аппараттарды бұйым құрлы көрмей «жұтып қоятын» бағдарламалар мен қосымшаларға да шамасы жетіп тұр — шуы көп демесеңіз, кез келген ойынның комфорт жағдайда «быт-шытын» шығаруға болады. 

Түптеп келгенде, қолданушының қажетін беріп, қалауына дөп түсетін ұсынысы көп-ақ: шутер ойнаймын десеңіз, қиналмайсыз — қимыл-қозғалысыңыз барынша еркін болады; сырт келбетін қалауыма қараймын десеңіз — мархабат, панелін тіпті 3D-принтерде шығарып ала аласыз; ішкі жүйелерін реттеймін десеңіз де, ешкім бөгет жасамайды. Өз бағасының сегментінде қарастырып көруге болатын ең лайық аппараттардың бірі. 

НОУТБУККЕ ШОЛУ ASUS ҚОЛДАУЫМЕН ЖАСАЛҒАН
Asus logo