Басты бет Жаңалықтар Бес елдің басшылары Кедендік кодекс қабылдайды

Бес елдің басшылары Кедендік кодекс қабылдайды

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Санкт-Петерборда өтетін отырысында Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей басшылары одақтың екі жылғы жұмысын қорытындылап, аталмыш ықпалдастық ұйымының одан әрі даму бағыттарын айқындайды, деп жазады egemen.kz.

Саммиттің басты оқиғасы ЕАЭО-ның Кедендік кодексі туралы шартқа қол қою. Үш жыл көлемінде әзірленген жаңа кодекске  кедендік операцияларды ақпараттандыру тәсілдері, әс-қимылдың ыңғайлы алгоритмі енгізілгелі отыр.

Сондай-ақ одаққа мүше елдердің барлығына арнап кедендік операциялар барынша бірдейлендіріледі. Жаңа құжат күшіне енген соң ЕЭК барлық елдер үшін бірыңғай  баж салығынсыз сауда жүйесін дамытпақ.

Одақтың мүшелері  жаңа Кедендік кодекс күшіне енген соң, 2018 жылы  ЕАЭО елдеріне шетелдік интернет-дүкендерден бажсыз тасымалдаудың шегі біртіндеп төмендейтініне келісті.

ЕАЭО Кедендік кодексі 2017 жылдың  1 шілдесінен бастап күшіне енеді деп жоспарлаған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version