Елімізде құрылыс материалдары айтарлықтай қымбаттады

Сарапшылар сәуірдің қорытындысы бойынша өндіруші кәсіпорындардың құрылыс материалдары жылдық өсімде 21,4% қымбаттағанын айтты. Бір жыл бұрын өсім тек 0,3% болған, — деп хабарлады Energyprom.kz..

Бұл ретте құрылыс ұйымдары сатып алған құрылыс материалдарының бағасы бір жыл ішінде 1,7% (бір жыл бұрын — 0,5%) өссе, көтерме сауда нүктелерінде бағаның өсуі 5,7% (бір жыл бұрын — 2,4%) көрсеткен.

Құрылыс материалдары

2021 жылғы сәуірде құрылыс материалдарының жылдық бағасы 7,5% (бір жыл бұрын — 6%) өскен.

Қазақстан өңірлері арасында құрылыс материалдарының қымбаттауы Шымкент пен Павлодар облысында 4,2%, Маңғыстау облысында 18,6% дейін.

Құрылыс материалдары

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің басшысы Бейбіт Атамқұлов төрт айдың қорытындысы бойынша құрылыс материалдары өндірісінің 26,5% өскенін айтты. Жылу оқшаулағыш материалдар (жылдық өсім — 2,5 есе), кірпіш (2,9 есе), портландцемент (плюс 17,6%), гипс (плюс 21,8%) және құрылыс ерітінділері (плюс 22,2%) өндірісі баға өсімінің драйвері болды.

Бұл ретте бөлшек сауда нүктелерінде кірпіш, күйдірілген саздан жасалған құрылыс бұйымдарының бағасы сәуірдің қорытындысы бойынша жылына 7,7%, құрылыс ерітінділері — 6,6%, құрылыс мақсаттарына арналған гипстен жасалған бұйымдар — 6,1% қымбаттады. Цемент 1,7%, әк пен гипс 0,1% қымбаттады, ал бетон, керісінше 5,3% арзандады», — деді сарапшылар.

Құрылыс материалдары

ДереккөзTengrinews.kz