Бұл туралы баспасөз хатшысы Ержан Төлек әлеуметтік желідегі парақшасына жазды. Ержан Төлектің айтуынша, облыс басшысының жағдайы жақсы, жанама әсер байқалмаған.
«Қайырлы күн достар! Бүгін аймақ басшысы Mahambet Dosmūhambetov қаламыздағы «Геолог емханасына» барды. Онда Қарағанды фармацевтика зауытында шығарылған коронавирусқа қарсы «Спутник-V» вакцинасының екінші компонентін салдырды. Вакцинадан кейін жарты сағат арнайы бөлмеде мамандар бақылауында болды. Одан кейін бірден жұмысына оралды. Жағдайы жақсы, екпенің ешқандай жанама әсерлері байқалмады», — деп жазды ол.
Айта кетейік, бұған дейін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов коронавирусқа қарсы екпе салдырған болатын.