Bonaqua ауызсу бренді қазақстандықтардың күнделікті өмірін көркейту мақсатында кішігірім болса да, оптимизм сыйлауға талпынды. Бренд қаптаманың жаңа дизайнын ұсынып, «Жақсы көр», «Дем ал», «Арманда» деген үш позитив хабарламасы жазылған жарқын этикеткалардың лимит топтамасын жарыққа шығарды. Сол арқылы Bonaqua барлығына ашық көктем-жаз көңіл-күйін сыйлайды. Өткен аптада бренд жаңа топтаманы баршаға онлайн таныстырды. Шараға Қазақстанның жаңа музыка ағынының өкілдері жас орындаушылар Әсия Оспанова, Тамирис, M’Dee және актриса Әсел Сағатова қатысты.

Былтыр барлығымызға ауыр болды. Өмір салтымыз күрт өзгерді. Ешкім таңдамаған жағдайда қалдық. Уақыттың көп бөлігін туыстар мен жақындарымыздан, құрбыларымыз, әріптестерімізден алыста, бөлек өткіздік. Біз физикалық қана емес, психикалық денсаулығымыз да қаншалықты маңызды екеніне көз жеткіздік. Әсіресе, дайын болмаған жаңа шындық жағдайында денсаулық шын мәнісінде де зор байлық екенін түсініп, оны бағалай бастадық. Осының барлығын ескере отырып, біз отандастарымыздың көңіл-күйін көтеру үшін, жігерлендіру үшін оң хабарламалар жасап, Bonaqua ауызсуының дизайнын жақсартып, ашық, жарқын түстерге бояп, жаңа қаптамасын жарыққа шығардық. Өзіңізге қамқорлық жасау, жеткілікті мөлшерде жақсы, сапалы су ішу және позитив көзқарасты сақтау қаншалықты маңызды екенін әрдайым естен шығармаған жөн. Коронавирус індеті кезінде біз «Жақсы көр», «Дем ал», «Арманда» сөздері әр адам үшін қаншалықты маңызды және құнды екенін түсіндік. Рахаттанып өмір сүруді, әр сәтті оңды пайдалануды ұмытпайық, — деді Coca-Cola Kazakhstan фронтлайн портфолио менеджері Азура Камил.

Бұған қоса, Bonaqua қазақстандық дизайнер Леонид Жеребцовпен бірлесіп жұмыс істейді. Осы ынтымақтастық аясында күнделікті өмірге қажет және ыңғайлы футболкалар мен худиден тұратын шектеулі топтама шығарылады. Бұл киімдерді әлеуметтік желілерде өткізілетін түрлі байқауға қатысу арқылы ұтып алуға болады. Байқаулар дизайнер Леонид Жеребцовтың ресми парақшасында, блогерлердің және Bonaqua брендінің ресми парақшасында өткізіледі.

Айта кетейік, Bonaqua ауызсуына арналған бөтелкелер экологияға және қоршаған ортаға қамқорлық көрсету мақсатында пластикті ең аз мөлшерде пайдаланып жасалады. Жаңа дизайны бар бөтелкелер сатылымға шықты. Оларды Қазақстанның барлық қаласының дүкендерінде сатып алуға болады. Bonaqua-мен бірге жақсылыққа ұмтылыңыз!