Басты бетҚоғамАсқар Мамин:...

Асқар Мамин: Әкімдер вакцинация мәселесін ерекше бақылауда ұстасын

Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі таңда Қазақстанда COVID-19 ауруы бойынша ахуалдың жақсару серпіні байқалады. Вирустың репродуктивті индексі 0,98. Аурухана төсектері 36%, реанимация төсек орындары 28% толы. 6 өңір — Нұр-Сұлтан, және Алматы қалалары, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Атырау облыстары «қызыл» аймақта тұр.

Бүгінде Қазақстанда вакцинаның бірінші компоненті 1,9 миллион жуық адамға, екінші компоненті шамамен 800 мың адамға егілді. Қоймалар мен медицина мекемелерінде вакциналардың жеткілікті көлемі бар. Вакциналау кесте бойынша жүргізіліп жатыр.

Өңірлерде вакциналауды арттыру бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Әкімдер мәселені ерекше бақылауда ұстасын. Адамдарға вакцинаны таңдау құқығы және тиісті ақпарат берілуге тиіс, — деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысы Денсаулық сақтау министрлігіне вакциналау арасындағы аралықты нақты анықтап, халықтың сұраулары мен қалауына назар аударуды тапсырды.

Премьер-министр шектеу шараларының сақталуын бақылайтын мониторинг топтарының жұмысын жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Ashyq қосымшасын пайдалану оң нәтижесін беріп отыр. Соның арқасында қызметтер көрсету саласындағы бизнестің жұмыс істеу мүмкіндігі жақсарды, оларға келуші адамдардың қауіпсіздігі артты. Қосымшаны пайдалану салаларын одан әрі де кеңейту қажет, — деді А. Мамин.