Ай сайынғы пәтерлер ұтысы: Halyk Bank ұтысқа 7 пәтер қосты

Былтыр ұйымдастырған науқан клиенттер көңілінен шықты. Ұтыс ойынды бір уақытта миллиондаған көрермен көріп, мыңдаған жылы пікір қалдырды. Ал ұтыс ойыны жеңімпаздары, яғни «Хан-Тәңірі» тұрғын үй кешенінде орналасқан пәтерді ұтып алған банк клиенттері өз өңірінде танымал адамға айналды. Осыған орай, көпшіліктің сұрауымен Halyk Bank тағы 7 пәтерді ұтысқа қосты.

Сонымен, кредит алу, бөліп төлеуге зат сатып алу жоспарыңызда болса, онда Halyk Bank-тің тиімді ұсынысын қолданыңыз. Ұсыныс мынадай: ең аз пайыздық мөлшерлеме, 24 айға дейін артық төлемсіз бөліп төлеу және жаңа пәтер иесі атану мүмкіндігі бар.

Ұтысқа қатысу үшін қарапайым екі шартты орындау қажет. Бірінші — Halyk Bank-тен кредит немесе бөліп төлеуді ресімдеу, екінші — Halyk Homebank қосымшасында ай сайын қызметтер үшін төлем жасау. Алғашқы пәтердің иесі маусым айында анықталады.

          №1 шарт. Кредиттің қандай түрлері қатысады?

Бөліп төлеу:

  • Halyk Homebank қосымшасында 24 айға дейін пайызсыз және банк серіктестерінің желісінде артық төлемсіз онлайн бөліп төлеуді ресімдеу.
  • Halyk Market арқылы 200 000 ₸ бастап 0-0-24 мерзімге бөліп төлеуді ресімдеу.

Кепілсіз кредиттер:

  • Halyk Homebank қосымшасындағы 200 000 ₸ басталатын онлайн кредит.
  • Бөлімшеде 500 000 ₸ басталатын кепілсіз кредит.
  • 1 000 000 ₸ басталатын шұғыл қажеттіктерге берілетін кредит қатысады.

Кепілі бар кредиттер:

  • Ипотекалық қарыз 1 000 000 ₸ бастап (оның ішінде «7-20-25», «Баспана Хит» мемлекеттік бағдарламалар да қатысады).
  • Автокредит. Серіктестердің автосалонында. Жеңілдікпен берілген кредиттеуді қоспағанда.

Кредитті немесе бөліп төлеуді бір рет алыңыз және барлық 7 ұтыс ойынына да қатысыңыз. Бұл қалай? Ол үшін екінші шартты орындау қажет – Halyk Homebank қосымшасында төлемдер жасаңыз. Ескеріңіз, кредитті неғұрлым ерте ресімдесеңіз және екінші шартты орындасаңыз пәтерді ұтып алу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.

№ 2 шарт. Halyk Homebank қосымшасында қандай төлемдер жасау керек?

Науқанның екінші шартын орындау үшін 2021 жылғы мамырдан бастап желтоқсанға дейін (әр айдың 20-ына дейін) Halyk Homebank қосымшасында 1000 теңгеден басталатын сомаға кемінде бір төлем жасау қажет. Осылайша, Halyk Homebank қосымшасында комиссиясыз төлем жасап, 7 пәтердің бірін ұтып алу мүмкіндігіне ие боласыз. Жеңіске жету мүмкіндігіңізді арттырғыңыз келсе, айына бірнеше рет және әртүрлі санаттағы төлемдер жасаңыз. Мысалы, ұялы байланыс үшін бір, интернет үшін бір, коммунал қызметтері үшін бір төлем жасасаңыз, онда ұтыс тізіміне үш рет қосыласыз.

Тек бұл ғана емес! Halyk Homebank арқылы қызметтерді төлей отырып, қосымша жүлделі ұтыс ойынына қатыса аласыз. Апта сайын iPhone 12 ұтып алу және коммунал қызметтеріне жұмсалған соманы 100% бонус ретінде кері қайтара аласыз. Ол үшін Halyk Homebank қосымшасында апта сайын төлем жасау керек.

Арманыңызды орындау мақсатында ұтысқа қатысып оңтүстік астанада орналасқан жайлы пәтерді ұтып алу мүмкіндігін пайдаланыңыз. «Halyk Bank-тен ай сайын пәтерлер ұтысы» науқаны бойынша кредит алыңыз, Halyk Homebank-те қызметтерге ақы төлеңіз және Алматының беделді ауданында орналасқан «Хан-Тәңірі» тұрғын үй кешеніндегі жаңа пәтерді ұтып алыңыз! Кредитті неғұрлым ерте ресімдесеңіз, пәтерді ұтып алу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.

Науқан туралы барлық кейінгі жаңалықты Halyk Bank-тің желідегі, яғни Instagram (@halykbank.kz), Facebook-парақшасынан біле аласыз.

____________________

* Ұтыс ойынына ең көбі 10 төлем қатысады

** Ұтыс ойынына мына тұлғалар қатыспайды:

  • Halyk Bank қызметкерлері
  • Банкпен айрықша қарым-қатынастағы тұлғалар
  • Атаулы ұтыс аясында пәтер ұтып алған клиенттер
  • Ұтыс өткізу үшін тізімді қалыптастыру күнінде:
    • ұтысқа қатысатын кредиті бойынша толық немесе ішінара мерзімінен бұрын өтеген;
    • ұтысқа қатысатын кредиттері бойынша ай сайынғы өтеу сомасы кешіккен клиенттер;
    • банктегі кез келген кредиті бойынша өтеу сомасы кешіккен клиенттер қатыса алмайды.