Басты бетҚоғам18-20 мамырда...

18-20 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

«Қазгидромет» РМҚ мамандары апта ортасында атмосфералық фронтальды жүйелердің өтуіне байланысты кей жерлерде күн күркіреп, шығыста, солтүстікте, орталықта жаңбыр жауатынын хабарлады.

20 мамырға жақын еліміздің оңтүстік-шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. 19 мамырдан бастап Салехард аудандарынан суық антициклонның ығысуымен күндізгі ауа температурасы солтүстікте 12-17 жылыға дейін, орталықта 15-20, кей жерлерде 12 жылыға дейін, шығыста 10-15, кей жерлерде 7 жылыға дейін төмендейді, — делінген хабарламада.

Синоптиктердің болжамына қарағанда, республика бойынша жекелеген аудандарда дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.