Басты бетҚоғамПрезидент Армения...

Президент Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті

Никол Пашинян Әзербайжанның Армения аумағына қол сұғушылығына жол беруге болмайтынын жеткізіп, осы мәселені шешу мақсатында Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы бойынша әріптестердің ұстанымын салыстырудың маңыздылығын атап өтті, — делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, 12 мамырда Арменияның қорғаныс министрлігі Сюникс облысының Севлич көліне жақын жерде Әзербайжанның қарулы күштері құрылымдарының шекараға қарай шыққанын мәлімдеді.

Олар «шекараны нақтылау» үшін белгілі бір жұмыстарды атқаруға тырысты» деген ақпарат болған.

Осыдан кейін Армения Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына ресми үндеу жолдады. Бұл ұйымға Қазақстан да кіреді.

ДереккөзSputnik.kz