Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамытуға 4 миллиард теңге бөлінді

Ақмола облысы Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаевтың айтуынша, аудан экономикасының басым бағыттарының бірі — туризмді дамыту. Туристік қызмет көрсету инфрақұрылымы сыйымдылығы 13 мың орыннан асатын 178 нысанды қамтиды.

Бүгінде Бурабай ауданының аумағында 22 нысанның категориялық сертификаты бар. 2021 жылы барлық деңгейдегі бюджеттен төрт миллиард теңге бөлінді. Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы проблемалардың бірі — қоғамдық дәретханалардың болмауы екені белгілі. Жақын арада мұнда контейнер түріндегі 16 санитарлық-гигиеналық заманауи тораптар жұмыс істейді. Жағалау аймағында және туристік нысандары бар жерлерде қоғамдық дәретханалар орнатылады, — деді ол.

Өңірде бірнеше жыл бұрын басталған инвестициялық жобалардың қатарында «Променад» жобалары мен коттедж қалашығы бар. Бұл жұмыстар жалғасады. Алғашқы жоба сегіз кезең бойынша жүзеге асырылады, әзірге тек екіншісі аяқталды. Сонымен бірге Бурабай ауданында 1,2 гектар жер телімдері сатып алынды, онда үлкен аллея салынады.

Аллея маңайы абаттандырылады, әдемі тастармен көмкеріліп, орындықтар қойылады, жарықтандырылады. Сонымен бірге қазір бізде банк кепілдігіндегі жерлерді сатып алған инвесторлар да бар. Қазір жоба әзірленіп жатыр, курортты аймақта заманауи коттедж қалашықтары да пайда болады. Бурабай кентінде заманауи қонақ үйлер салу жөніндегі тұжырымдамалар да бар, — деді Әсет Мұздыбаев.

Аудан әкімінің айтуына қарағанда, қазіргі заманғы қонақ үйлерде туристерге тартымды болу үшін СПА, бассейн және басқа да артықшылықтар болады.

ДереккөзBaq.kz