Басты бетДДҰ пандемияның...

ДДҰ пандемияның екінші жылына болжам жасады

Бұл туралы жұмада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус мәлімдеді.

COVID-19 3,3 миллион адамның өмірін қиды. Біз пандемияның екінші жылына аяқ бастық, ол біріншіден гөрі көбірек өлімге әкелуі мүмкін, — деді ДДҰ бас директоры.

Оның айтуынша, қазір өмір мен үй шаруашылығын құтқарудың жалғыз жолы — вакцинация мен денсаулық сақтау шараларын біріктіру, оларды бөлек пайдаланбау.

ДДҰ вакцинация вирустың таралуына қарсы 100% шара емес екенін мәлімдеді. Себебі вакцина салдырған адамдар да ауырып қалуы мүмкін, бірақ вирустың аса ауыр емес түрімен. Шектеулерді алып тастау немесе маска тағу режимін жою туралы шешім елде вакцина алғандар санына емес, COVID-19-дың таралу деңгейіне негізделіп қабылдануға тиіс.

ДДҰ мәліметтері бойынша, 14 мамырда кешке әлемде COVID-19-дың 160 813 869 жағдайы расталды, 3 339 002 адам қайтыс болды.

ДереккөзTengrinews.kz