Басты бет Жаңалықтар Мысыр жаңа астана салып жатыр (Фото)

Мысыр жаңа астана салып жатыр (Фото)

Жоспар бойынша, жаңа астанаға 5 млн адам қоныстанбақ. Астанада әлемдегі ең үлкен бақ, 1000-нан астам мешіт, қалашықтар мен индустриялды аймақ болады, деп хабарлайды CNN.

Жалпы аумағы 700 шаршы шақырымды алатын қала шөл далаға салынады. Ол қазіргі астана Каирдың шығысында орналасқан. Жаңа астананы салу үшін 45 млрд доллар қажет. Бұл жобаны Қытай компаниялары қаржыландырмақ.

Мысыр, жаңа астана

Астана құрылысының бірінші кезеңі алдағы бес жылда аяқталады деп жоспарлануда. Осы уақыт аралығында әкімшілік ғимараттар мен мемлекет басшысының резиденциясы салынып бітеді деп күтіледі.

Шындығында бұл жоба 20 жылға кешіктіріліп басталды. Каирды алмастыра алатын мекенді іздедік. Мұнда билік пен мемлекеттік қызметкерлер тұратын болады, дейді Араб мердігерлерінің бас директоры Мохсен Салах ад-Дин.

Қазіргі таңда 210 шақырымдық тас жол құрылысы басталып кетті Мохсен Салах ад-Диннің айтуынша, бұл көп мемлекеттердің тәжірибесінен өткен жоба. 20-ғасырда Түркия, Индия, Бразилия тәрізді мемлекеттер де мемлекет астаналарын өзгерткен.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version