Мемлекет басшысын Ораза айт мерекесімен кімдер құттықтады?

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Құттықтау хаттарында олар Қасым-Жомарт Тоқаевқа зор денсаулық, бақыт және табыс тілеген. Ал Қазақстан халқының өсіп-өркендей беруіне ниеттестік білдірген.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Сауд Арабиясының королі Салман бен Әбделазиз Әл Сауд және Сауд Арабиясы корольдігінің тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман бен Әбделазиз Әл Сауд, Иордания королі ІІ Абдалла, Кувейт әмірі шейх Наууаф әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабах, Кувейттің тақ мұрагері Машаль әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабах, Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ, Бахрейн королі Хамад бен Иса Әл Халифа, Иран президенті Хасан Рухани, Ауғанстан президенті Ашраф Ғани, Палестина президенті Махмуд Аббас, Йемен президенті Абд Раббо Мансұр Хади, сонымен бірге Түркі кеңесінің бас хатшысы Бағдад Әміреев және Иерусалим патриархы III Феофил өздерінің құттықтау жеделхаттарын жолдады.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, құттықтау хаттары әлі де келіп түсіп жатыр.