Бұл туралы президент баспасөз қызметінің жетекшісі Лилия Галимова мәлімдеді, — деп хабарлады РИА Новости.
Қазан ауруханаларына зардап шекен 23 адам: 20 бала және үш ересек адам жеткізілген. Татарстан денсаулық сақтау министрлігі мәліметі бойынша, сәрсенбіде бес бала мен үш ересек адам Мәскеуге федерал клиникаға жеткізілген. Жеңіл дәрежеде миы шайқалып, беті жарақаттанған бір бала тұрғылықты жері бойынша дәрігерлер қадағалауымен стационардан шығарылды. Осылайша Татарстан Республикалық балалар клиникалық ауруханасында 14 бала ем алуды жалғастырып жатыр, — деді Лилия Галимова.
Оның айтуынша, ауруханада емін жалғастырып жатқан 14 баланың жағдайы тұрақты деп бағаланды. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Балалар тәулік бойы медицина бақылауына алынған.
Еске салайық, Қазандағы №175 мектепте 11 мамырда таңертең атыс болды. Оны бұрынғы студент 19 жастағы Ильназ Галявиев ұйымдастырған. Салдарынан тоғыз адам, оның ішінде жеті бала мен екі мұғалім — ағылшын тілінің 25 жастағы мұғалімі Эльвира Игнатьева және бастауыш сыныптың 55 жастағы мұғалімі Венера Айзатова қайтыс болды. Атыс шығарған жасөспірім ұсталды.
Ильназ Галявиев кінәсін сотта толық мойындады. Оған Ресей Қылмыстық кодексінің 105-бабы «Адам өлтіру» бойынша айып тағылды. Қазандағы сот Ильназ Галявиевті екі айға қамауға алды.