Басты бетҚоғамҚазақстанның қай...

Қазақстанның қай өңірінде карантин талаптары жиі бұзылады?

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерінің карантин шараларын сақтауына жүргізілетін мониторинг жалғасып жатқанын хабарлады.

2021 жылғы 1 қаңтар мен 10 мамыр аралығында жұмысшы топпен 80 352  рейд жүргізіліп, 500 646 нысан тексерілген. Нәтижесінде 14 475 (2,8%) бұзушылық анықталды. Карантин талаптарын бұзушылықтардың басым көпшілігі келесі өңірлерде тіркелді: ШҚО (3 646), Түркістан (2 230), Алматы (2 036), Шымкент (1 609) және Алматы облысы (962), — делінген хабарламада.

Комитеттің хабарлауынша, мониторинг барысында карантин кезеңінде қызметіне тыйым салынған объектілердің жұмыс жасауы, шектеу режимін сақтамау, шамадан тыс адам қатысатын бұқаралық іс-шаралар өткізу сияқты бұзушылықтар анықталған.

​Аталған мерзімде 268 материал сотқа жолданды. Сот шешімімен 70 нысанның қызметі тоқтатылды. 8 271 кәсіпкерлік нысан мен 6 425 жеке тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылып, 1,155 миллиард теңгеден астам айыппұл салынды, — делінген комитет таратқан хабарламада.