Басты бетҚоғамПрезидент Конституциялық...

Президент Конституциялық Кеңеске өтініш жолдады

Конституциялық Кеңес президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың 8 сәуірде Парламент қабылдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын Конституцияға сәйкестігі тұрғысынан қарау туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады.

Конституциялық Кеңестің отырысына материалдар дайындау жөніндегі жұмыс басталды, онда аталған өтініш мәні бойынша қаралады.

Құқық қорғау, ғылыми және өзге де мәселелерге маманданған ұйымдар мен азаматтар қорытындыларын е-mail: [email protected] жолдауына болады.

Конституциялық Кеңес — бұл Қазақстандағы конституциялық бақылаудың ұжымдық органы. Ол 7 мүшеден тұрады. Конституциялық Кеңестің төрағасы мен екі мүшесін президент, ал екі мүшесін тиісінше Сенат пен Мәжіліс 6 жыл мерзімге тағайындайды. Нұрсұлтан Назарбаев — Конституциялық Кеңестің тұрақты мүшесі. Қазіргі төраға — Қайрат Мәми.