13-15 мамырда ауа райы қандай болады?

13 мамырда атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, Шығыс Қазақстан облысында қатты жаңбыр жауады.

14 мамырдан бастап еліміздің басым бөлігінде Солтүстік-Батыс антициклонның ықпалымен, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарын қоспағанда, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 14 мамырда кей жерлерде қатты жаңбыр жауады.

15 мамырда Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында түнгі уақытта топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік болады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін.