Halyk Bank-тің бизнеске арналған Onlinebank қосымшасы туралы білесіз бе?

Зерттеу нәтижелері өңірдегі бизнеске арналған мобайл және интернет-банктердің функционалын, ШОБ клиенттері үшін маңызы мен қажеттігін ескерді. Сарапшылар әр елдің үздіктерін анықтады, олардың қатарында Halyk Bank-тің бизнеске арналған Onlinebank қосымшасы аталды. Бұл — банк командасының «Бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін функционал және заманауи мобайл қосымшасын жасай алғанының дәлелі.

Onlinebank-ке тіркелгеннен кейін бірден жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге және шот ашуға болады. Әрі қарай қосымшада тегін жеткізу қызметі бар корпоративтік картаны ашып немесе Apple Pay және Samsung Pay-ге байланыстыруға болатын цифрлы картаны шығаруға болады. Цифрлы карта — бұл Onlinebank-те әп-сәтте шығарылатын және толығымен қолдану тегін бірегей банк өнімі.

Фото: Halyk Bank баспасөз қызметі

Қосымшада ақша айырбастауға болады, кәсіпкерлерлерге арналған «Сауда сигналы» функционалы бар. Күтілетін бағамды көрсетіп, одан әрі нарық өзгеріп, қажет бағамға жеткен кезде банк клиентке push-хабарлама жолдау мүмкіндігін қарастырған. Onlinebank-те рубльмен ақша аударудың да жеңілдетілген түрі бар. Енді алушының деректемелері автоматты түрде толтырылады. Оған қоса, «Бағдаршам» сервисі іске қосылды, онда сервис базасы әріптестердің сенімділігін тексереді.

Onlinebank қосымшасы қызметіндегі үлкен серпілістің бірі —  телефон нөмірі бойынша жеке тұлғалар да, бизнес-серіктестер де 24/7 режимінде комиссиясыз заңды тұлғалар мен ЖК шоттарына қаражат аудару мүмкіндігі. Бұл қызметті қолдану үшін бизнес иесі сенімді нөмірді Onlinebank қосымшасындағы компанияның шотына тіркеуі қажет.

Бұл жетістік – HALYK BANK командасының еңбегі. 2020 жылы күрделі коронавирус кезеңінде тек жұмыла жұмыс істеп қоймай, кәсіпкерлер карантин шектеулері жағдайында белсенді қолданған инновациялық және практикалық онлайн-сервистер мен өнімдерді әзірлеп, оны енгізу үшін өзінің цифрлық әлеуетін шоғырландырды, — деді Halyk Bank төрағасының бірінші орынбасары Антон Мусин.

Оның айтуынша, банктің бүгінгі жетістігі Halyk Bank пен Halyk тобындағы барлық компания ұсынатын онлайн-қызметтер мен өнімдерді дамытуға ынталандырады.