Басты бетҚазан қаласында...

Қазан қаласында мектепте атыс болды

Кейінгі деректер бойынша, оқу орнындағы атыс кезінде 9 адам қаза тапты, олардың көпшілігі балалар, — деп жазды РИА Новости.

Татарстан басшысы Рустам Миннихановтың айтуынша, төрт ұл мен үш қыз оққа ұшқан. Тағы 16 адам, оның ішінде 12 бала және төрт ересек адам жарақат алып ауруханаға жатқызылды.

Қазіргі таңда қалған оқушылар ғимараттан эвакуацияланды. Олармен психологтар жұмыс істеп жатыр.

Оқиға орнына Татарстан президенті Рустам Минниханов, республиканың денсаулық сақтау министрі Марат Садықов және өңір прокуроры Илдус Нафиков барды.

Қаланың барлық оқу орындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

РИА Новости жедел қызметтерге сілтеме жасай отырып, қаза болған оқушылардың екеуі үшінші қабаттағы терезеден секіріп құлап кеткенін хабарлады.

Атыстан кейін мектеп ғимаратында жарылыс болғаны белгілі болды. Аумақтан түтін шығып жатыр.

Төтенше жағдай орнына 20-дан астам жедел жәрдем бригадасы жіберілді.

Атыс ұйымдастырды деген күдікпен 19 жастағы Ильназ Г. ұсталды. Екінші шабуылдаушы мектептің төртінші қабатында бұғатталды, кейін арнайы қарулы күштер оның көзін жойды. Күдікті кепілде адам ұстап отырған.

Атыс ұйымдастырған жасөспірімдердің бірі — осы мектептің оқушысы екені белгілі.

Сонымен қатар, атысқа тағы бір күдікті ұсталды. LIFE SHOT Telegram арнасының мәліметінше, ұсталған адамның аты-жөні — Рамиль М, 41 жаста.