Басты бетНұр-Сұлтанда Талғат...

Нұр-Сұлтанда Талғат Бигелдиновке ескерткіш қойылды

Жеңіс күні қарсаңында Кеңес Одағының батыры, аты аңызға айналған ұшқыш Талғат Бигелдиновке ескерткіш ашылғанын Елорда әкімдігі хабарлады. Ескерткіш — мүсінші Нұрлан Далбай мен сәулетші Расул Сатыбалдиевтің жұмысы. Ол қоладан және граниттен жасалды. Мүсіншілер Талғат Бигелдиновтің Ұлы Отан соғысы кезіндегі жас ұшқыш бейнесін жасап шыққан. Кеудесінде медальдары бар.

Талғат Бигелдиновтің қыздары Галина және Райхан да шараға қатысты. Олар бұл күн ардагердің туыстары үшін де, барша қазақстандықтар үшін де қуанышты күн екенін айтты.

Сонымен қатар Елорда әкімі Алтай Көлгінов Ұлы Отан соғысының ардагерлері ерліктің үлгісі екенін айтты.

Ұлы Жеңіс қарсаңында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Талғат Бигелдиновке арнап ескерткіш ашылды. Ұлы Отан соғысының ардагерлері ерліктің, табандылықтың, өскелең ұрпақ үшін ерлік пен даңқтың үлгісі болып саналады. Батыр ата-бабаларымыздың арқасында қазір бейбіт күнде өмір сүріп жүрміз. Біздің міндетіміз — батырларды жадымыздан шығармай, еске алу, — деді әкім.