Қазіргі күрделі эпидемиология жағдайына байланысты Жеңіс күніне орай өтетін дәстүрлі мерекелік шараларды келесі жылға ауыстыру туралы шешім қабылданды. Президент отандастарымызға арнайы құттықтауын жолдайды, — деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы.
Сонымен қатар Берік Уәли елімізде соғыс ардагерлеріне материалдық көмек берілгенін айтты.
Қазақстанда Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің есімі ерекше құрметтеледі. Мемлекет басшысының өкімімен Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай соғыс ардагерлеріне материалдық көмек көрсетілді, — деді ол.
Айта кетейік, елімізде кейінгі тәулікте 2 587 адам коронавирус жұқтырғаны туралы хабарланған еді.