Карантин режимінің барлық талабын сақтай отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұжымы Отан соғысына қатысушыларға барып қайтты.
Құрметті ардагерлер! Сіздер қиян-кескі шайқастарда ерлікпен шайқастыңыздар, сіздер соғыс жылдарындағы барлық қиыншылыққа батылдықпен төтеп бердіңіздер, біздің бейбітшілік пен келісімде өмір сүргенімізді қаладыңыздар. Жеңіс үшін, Отанға деген шексіз сүйіспеншілігіңіз үшін рақмет, — деді Алматы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Нығмеджан Сапаров.
Ардагер Зұлхарнай Сейілов ұмытпай, қолдау көрсететіні үшін алғыс айтты.
Бізді ұмытпай, қолдау көрсеткендеріңіз үшін үлкен рақмет! Біз бейбітшілік сүйгіш және тыныш елде өмір сүріп жатқанымыз қуантады. Алдағы уақытта да бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге жазсын, — деді Зұлхарнай Сейілов.