Басты бетҚоғамҚазақстанда Екінші...

Қазақстанда Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан қанша ардагер бар?

1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда ҰОС 665 ардагері және 113 555 Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен жеңіске жетуге үлес қосқан басқа да азаматтар өмір сүреді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің атынан алдағы жарқын мерекемен құттықтаймын, — деді Ерлан Әукенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаментінің директоры Асқар Ниязов 2021 жылы елімізде ҰОС ардагерлеріне төленетін біржолғы мерекелік жәрдемақы барлық өңірде бірдей көлемде төленетінін мәлімдеді.

Министрлік өңір әкімдеріне бірреттік төлемнің көлемін бір жүйеде, яғни бірдей көлемде төлеуге ұстаным берді. Нәтижесінде барлық өңірде ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне біржолғы материалдық көмектің мөлшері 1 миллион теңгеден қаралып отыр. Мұның барлығы қазіргі кезде төленіп жатыр, үш өңірде бұл төлем жүйесі аяқталып қалды, — деді ол.

Асқар Ниязов сонымен бірге биыл Қазақстанда жалпы 114 мың 200 ардагер мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылатынын айтты.