Басты бетМедицинаАстаналықтар 6...

Астаналықтар 6 мамырдан бастап қытайлық вакцинаны салдыра алады

Бұл туралы қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов онлайн-брифингіде мәлімдеді.

Жақында басқарма қоймаларына 7 400 дозада қытайлық Sinopharm вакцинасы жеткізілді. Елорда тұрғындарын Қытай вакцинасымен вакцинациялауды ертеңнен бастап МСАК ұйымдарында, яғни медицин ұйымдары ғана бастаймыз. Екпе қабылдағысы келетін адам вакцинаның түрін өзі таңдайды, — деді ол.

Тимур Мұратов сонымен бірге бүгінде Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қарсы вакцинациялаудың 100-ден астам егу пункті жұмыс істейтінін еске салды: МСАК мекемелерінде және қаланың ірі сауда және ойын-сауық орталықтарында. Олар сағат 08.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істейді.

Қала тұрғындары вакцинаның түрін өзі таңдай алады. Қазір мынадай вакцина түрлері қолжетімді: қазақстандық QazVac, ресейлік «Спутник V», енді қытайлық Sinopharm, — делінген әкімдік хабарламасында.