Басты бетҚоғамАрслан Дәндібаев...

Арслан Дәндібаев Алматы облысы әкімінің орынбасары болды

Бұл туралы алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы облысы әкімінің өкімімен Арслан Дәндібаев Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, — делінген хабарламада.

Арслан Дандыбаев 1975 жылы туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін халықаралық қатынастар, референт мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі консулдық қызмет департаментіің маманы, атташесі болып бастаған.

Әр жылдарда Қазақстан Республикасының Стамбул қаласындағы Консулдығының, ҚР-ның Түркия Республикасындағы Елшілігінің атташесі, ҚР-ның Амсердам қаласындағы Бас консулдығының вице-консулы, ҚР-ның Нидерланд Корольдігіндегі Дипломатиялық миссиясының екінші хатшысы, бірінші хатшысы, Қазақстанның Түркия Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол қызметі Мемлекеттік және үкіметтік сапарлар бөлімінің бастығы, ҚР Президенті Протоколының бас сарапшысы, консультанты, ҚР Бас консулдығының кеңесшісі, ҚР Стамбул қаласындағы бас консулы, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы, «Астана ЭКСПО-2017″ ҰК» АҚ Протокол қызметінің басшысы, ҚР Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік протокол қызметінің басшысы, ҚР Президенті Протоколы басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды.

2019 жылдың наурызынан бастап бүгінге дейін Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Протоколының басшысы болды.

Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Рустам Али басқа жұмысқа ауысуына байланысты облыс әкімі өкімімен қызметінен босатылды.