Әкімдер сайлауына қанша қаражат кетеді?

Мәжілісте 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы «Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы қаралды.

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевтің айтуынша, биыл 836 әкім, келесі жылы 351 әкім сайланады.

Осы аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл окуругтері әкімдерін тікелей сайлау 2021-2022 жылдары Орталық сайлау комиссиясы арқылы нысаналы трансферттер есебінен республикалық бюджеттен қаржыландырылатын болады. 2023 жылдан бастап аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл окуругтері әкімін сайлау жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. 2021 жылы әкімдер сайлау өткізу үшін 4,8 миллиард теңге керек, 2022 жылы осы сайлауды өткізу үшін 3,1 миллиард теңге қажет, — деді министр.