Алматыда кәсіпкерлік субъектінің екі мыңнан астам қызметкері коронавирус жұқтырды

Бұл туралы Алматы санитария-эпидемиология бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты.

Әсел Қалықованың сөзінше, коронавирус басталғалы бері Алматыда инфекцияның 55 мыңнан астам дерегі тіркелген (56 526 дерек, 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 2 852,3), оның ішінде 2021 жылдың басынан бастап 3 мамырды қоса алғанда 38 005 дерек (100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 1 917,7). Мысалы, қаңтарда 3 607 жұқтырған адам тіркелсе, ақпанда 2 945 дерек, наурызда 9 525, сәуірде 19 918 дерек анықталды.

Кейінгі тәулікте 658 дерек тіркелді. Тәуліктік өсімнің де, сырқаттанушылық көрсеткішінің де кейінгі 7 күнде 247,5-тен 243,2-ге дейін болмашы төмендеуі байқалады, алайда репродуктив саны 1,0 деңгейінде сақталып отыр, — деді Әсел Қалықова.

Сонымен қатар Алматыда тұрғылықты жері бойынша жақын байланыста болған 7002 және жұмыс орны бойынша байланыста 302 болған коронавирустың 5278 белсенді ошағы медициналық бақылауда. Сонымен қатар, алматылық эпидемиологтар соңғы үш аптадағы науқастардың жас құрамына талдау жасады.

Жүргізілген талдау деректері бойынша 1 жасқа дейінгі балалар аурушаңдығының 0,3% – ға және 20-39 жастағы жастардың 2,5% — ға төмендеуінен басқа айтарлықтай өзгерістер анықталған жоқ. Бұл ретте, бұрынғыдай, негізінен 20-70 жас аралығындағы белсенді тұрғындар коронавирус жұқтыруға бейім, бұл жұқтырып, науқастанған адамдардың жалпы санының 76% — ын құрайды, — деп хабарлады Әсел Қалықова.

Кейінгі 14 күнде коронавируспен ауыратын 9 590 науқастың ішінде ең көп тіркелген:

түрлі ЖШС, ЖК, АҚ қызметкерлері арасында — 23,6% (2 264 адам),
зейнеткерлер арасында — 17,6% (1 690 адам);
мектепке дейінгі жастағы балаларарасында — 4,7% (453 дерек).