Биыл 9 және 11-класс оқушылары қандай пәннен емтихан тапсырады?

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында вице-министр Шолпан Каринова айтты.

Биыл 9 және 11-кластардың мектеп бітірушілері үшін емтихандар, мемлекеттік емтихандар өткізіледі. 9-кластар пандемияға дейін төрт емтихан тапсырса, биыл олардың саны қысқарып, 3 емтихан тапсырады. Емтихандардың уақыты 7 маусымда аяқталады. Одан кейін 9-класс түлектеріне мектепті бітіргендігі туралы аттестаттар табысталады, — деді ол.

Білім және ғылым вице-министрінің айтуынша, 9-класс оқушылары қазақ тілі (орыс тілі), матеметика (алгебра) және қазақ тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан тапсырады.

11-кластар пандемияға дейін 5 емтихан тапсырса, енді биылғы оқу жылында бір емтиханға қысқарып, 4 мемлекеттік емтихан тапсырады. Бұл емтихандардың мерзімі 10 маусымда аяқталады. Одан кейін мектеп бітірушілерге орта білімді аяқтағандары жөніндегі аттестаттары беріледі, — деп Шолпан Каринова.

11-класс оқушылары қазақ тілі (орыс тілі), алгебра және талдау негіздері бойынша жазбаша емтихан, Қазақстан тарихы мен қазақ тілінен тест тапсырады.

ДереккөзBaq.kz